48 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 2 077 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 321 өрескел бұзушылық тіркелді. Бүл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
көлік құралын мас күйінде басқару – 10 факт;
көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруы – 1 факт;
жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 2 факт;
маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 69 факт;
қауіпсіздік белдігін тақпау – 135 факт;
қарсы қозғалыс жолағына шығу – 12 факт;
көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 92 факт.
Сонымен қатар, 48 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.