AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда бес жаңа емхана салынып, ірі медициналық...

Алматыда бес жаңа емхана салынып, ірі медициналық мекемелер жаңғыртылуда

Алматы 04.08.2026, 14:03 229
Алматыда бес жаңа емхана салынып, ірі медициналық мекемелер жаңғыртылуда

Алматыда денсаулық сақтау нысандарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қалада жаңа емханалар салынып, қолданыстағы ауруханалар жаңғыртылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісі кеңейтілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау саласындағы 10 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Құрамыс, Шұғыла, Алтай-1, Ақжар шағынаудандарында және Әйтеке би көшесінде бес жаңа емхана салынуда.

– Сонымен қатар №7 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту, №1 және №2 перзентханаларды жаңғырту, Алатау қалалық емханасын жаңарту, сондай-ақ №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына қосымша ғимарат салу жұмыстары жалғасуда. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Саялы шағынауданында және Айбасов көшесінде ауысымына 200 адамды қабылдайтын отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Бұдан бөлек, №16 қалалық емханада күрделі жөндеу, қалпына келтіру және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады

Бүгін 18:01

Алматыда Қала күніне орай бірегей мультимедиялық 3D MAPPING SHOW ұсынылады

Бүгін 18:01

Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қонақтарын не күтеді

Бүгін 17:50

19 және 20 қыркүйекте Алматыда Қала күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 17:46

Алматыда қала күніне орай күрделі жөндеуден өткен екі балабақша ашылды

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);