AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда белгісіз ер адам ұлының сыныптасын ұрып,...

Алматыда белгісіз ер адам ұлының сыныптасын ұрып, тұншықтырған

Оқиға 01.03.2024, 08:21 1,385
Алматыда белгісіз ер адам ұлының сыныптасын ұрып, тұншықтырған
Сурет: Depo.ua

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам мектепке кіріп, сыныпта отырған біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды.


Осыған қатысты Алматы полициясы мен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бұл туралы таяқ жеген баланың анасы өзінің Instagram –дағы парақшасында жазды.


Айтуынша, ұлын сыныптасының әкесі ұрып-соғып, тұншықтырған.




«Бұл мектепте үзіліс кезінде болды. Сынып жетекшісі жоқ кезде сыныпқа кіріп, қылқындырып, ұрып-соға бастаған», - делінген жазбада.




Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 2 ақпанда болған.


«Бұл фактіні жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлері тіркеп, назарға алды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау бойынша тексеру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомстводан.


Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті де Алматыда болған жағдайға байланысты түсінік берді.




«Аудандық білім бөлімінің ақпарына сәйкес директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне, күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қабылданғанын хабарлаймыз. Аталған мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #баланы ұрған адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);