конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда белгісіз адамдар 30-дан астам жас ағашты...

Алматыда белгісіз адамдар 30-дан астам жас ағашты сындырып кеткен

Оқиға 14.08.2024, 12:12 1,034 Bakyt
Алматыда белгісіз адамдар 30-дан астам жас ағашты сындырып кеткен
Сурет видео скрині

Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, белгісіз адамдар 30-дан астам жас ағаш көшеттерін зақымдаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"2024 жылдың 12 тамызында осы оқиға бойынша Әуезов ауданының әкімдігі мен полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, оқиға орнына барды. Тексеру барысында 36 көшеттің (катальпа - 15 дана, акация - 8 дана және шетен - 13 дана) діңінің ортасынан сынғаны анықталды. Бұл көшеттерді Әуезов аудандық әкімдігімен келісімшарт бойынша "Стамп Сервис" ЖШС компаниясы отырғызған. Компания қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау үшін Әуезов ауданының полиция басқармасына арызбен жүгінді", - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп жатыр.

Зақымдалған ағаштар өмір сүруге жарамсыз болғандықтан, күзде мердігер ұйымның күшімен көшеттерді ауыстыру жоспарлануда.

"Егер бұзақы анықталса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабына сәйкес "Жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу" бойынша жеке тұлғаларға 30, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімдігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #бұзақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Бүгін 09:18

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін 08:05

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);