AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Алматы Бүгін 15:12 42
Алматыда БАҚ өкілдері футболдан бақ сынады

Алматыда медиасала өкілдері арасында шағын футболдан жылдағы қалалық жарыс болып өтті. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған турнирде Қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі журналистер мен блогерлердің тағы басын қосты. Бұл жолғысында журналистер жүлдеге бола ғана жарыспай, бір-бірімен байланысып, танысып, жақсы уақыт өткізіп қайтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ойын 25 сәуір күні «Pride PFC» футбол клубының базасында өтті. Турнирге әртүрлі редакциядан келген 10 команда қатысты. Әр командада 8 ойыншыға дейін болды: 5 ойыншы алаңда, 3 ойыншы қосалқы құрамда. Кәсіби футболшылардың жарысқа қатысуына тыйым салынды, Бұл кілең әуесқойлар қатысқан жарыстың барынша тең деңгейде өтуіне мүмкіндік берді.

Соған қарамастан, алаңдағы тартыс кәсіби матчтан кем түскен жоқ: шапшаң шабуылдап, үлкен ойындағыдай айтыс-тартыс пен әсерлі сәттері көп болды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жарысқа қатысқандарды құттықтап, сөз сөйледі. Ол қала билігінің БАҚ өкілдерінің бастамасын үнемі қолдап, бәрінің осылай басын қосып отыруға ынталы екендерін жеткізді.

«Алматының әкімдігі журналистердің бастамасын үнемі қолдап, олардың байланысын нығайтып, командалық рух қалыптастырғанын қалайды. Бұл жарыс — спортқа икемді екеніңді көрсетіп, журналистердің сөзге ғана емес, іске де шебер екенін дәлелдейтін үлкен мүмкіндік. Ойын әрқайсысының есінде қалатындай болып өтіп, жеңістен жеңіске жете беріңіздер», — деді.

Қазақстандық спорттың аңызы, футбол ардагері Құралбек Ордабаев та жарысқа қонақ болып келді. Бұрын алматылық «Қайрат» клубының негізгі қақпашысы болған ол мұндай бастама қоғам үшін маңызды екенін айтады.

«Спорттың әртүрлі мамандық иелерінің басын қосып жатқанын көріп, қуанып қаласың. Мұнда керемет әсер алып, командалық рух та осындай кезде қалыпасады. Мұндай жарыс әсіресе жастарға керек. Футбол адамның мінезін шыңдайды, футболда кейде жақсы дос та табасың», — деді Ордабаев.

Жарыстың соңында үздік командалар ақшалай сертификатпен марапатталды:

1-орын — 1 000 000 теңге, «Алматы» телеарнасы

2-орын — 750 000 теңге, «КТК» телеарнасы

3-орын — 500 000 теңге, «Алатау ақпарат» ( «Вечерний Алматы» мен «Алматы Ақшамы» газеті)

«Үздік қақпашы» номинациясы — Шоқан Маханов («КТК» телеарнасы)

«Үздік қорғаушы» — Заир Бегалы («Алматы» телеарнасы)

«Үздік шабуылшы» — Ислам Ноғай («Алатау ақпарат»)

Жарысты ұйымдастырған Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Балсұлу Әлекенова бұл іс-шараның мақсаты — кәсіби қауымдастықты ұйыстыру түсу екенін атап өтті.

«Біз бұл жарысты журналистер бірге жұмыс істеп қана қоймай, бірге демалып, араласып, өз араларынан дос тапсын, өздерін үлкен бір команданың мүшесі ретінде сезінсін деп ұйымдастырып отырмыз», — дейді ол.

Қатысқандар да турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

«Мұндай ойын жұмыстан тыс уақытта әріптестермен еркін араласуға мүмкіндік береді. Бәрі ашылып сөйлеседі, мұндай жарыс журналистерді ұйыстырады», — деді «Хабар» командасының ойыншысы Саят Шапағатов.

«Ешкім берілгісі келмей, қызықты өтті ойын. Кәдімгідей күш-қуат жинап қайттық», — дейді «Информбюро» 31 арнасының өкілі Кирил Харламов.

Журналистер ақпаратпен ғана жедел жұмыс істемей, керек кезде ұйымдасып, нағыз спортшыға тән мінез де көрсете алатынын дәлелдеді осы жолы. Жыл сайын бұл жарыстың ауқымы кеңейіп, Алматының медиақауымдастығының мәдени және кәсіби өмірінің маңызды бөлігіне айналып бара жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, жастардың еңбегін ерекше атап өтті

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика