Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда балаларға арналған спорттық мереке өтті

Алматыда балаларға арналған спорттық мереке өтті

Барлығы 30.05.2025, 14:28 769
Алматыда балаларға арналған спорттық мереке өтті
Сурет: Polisia.kz

Балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында "Динамо" стадионында ерекше маңызға ие дәстүрлі спорттық мереке ұйымдастырылды, деп хабаралайды aqshamnews.kz.

Шараны Алматы қалалық полиция департаменті мен "Динамо" дене шынықтыру-спорттық қоғамы бірлесе өткізді. Іс-шараға мектеп оқушылары, полиция қызметкерлерінің балалары және қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан тәртіп сақшыларының ұрпақтары қатысты. Мерекелік бағдарлама аясында көңілді эстафеталар, спорттық жарыстар, байқаулар мен кәсіби спортшылардың шеберлік көрсетілімдері ұсынылды. Мерекенің басты мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, олардың бойында оң құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ полициямен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату. Мұндай іс-шаралар Алматы қаласы полициясының профилактикалық жұмысының маңызды бағытына айналып отыр.

– Біз спорттың біріктіруші, шабыттандырушы әрі балалардың бойындағы ең жақсы қасиеттерді ашуға септігін тигізетініне сенеміз. Бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдермен жұмыстағы профилактикалық бастамалардың тиімді тетігі. Профилактика жылында әр бала өзін қажет әрі қорғалған сезінуі үшін бар күшімізді саламыз, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

 "Динамо" ДШСҚ өкілдері де осындай бастамалардың әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

 – Біз спортты жастармен тіл табысудың әмбебап құралы деп білеміз. Патриоттық тәрбие, құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың денсаулығын нығайту бағытында «Динамо» әрдайым қолдау көрсетуге әзір. Бүгінде біздің стадион осындай ізгі істер мен жарқын бастамалардың ордасына айналғанына қуаныштымыз, – деді қоғам төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

Бұл спорттық мереке – қуаныш пен шабыттың ғана емес, болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне бағытталған нақты қадамның көрінісі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорттық мереке #Балаларды қорғау күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15

Ирандағы "қышқыл жауын" Қазақстанға жетуі мүмкін бе? Мамандар түсіндірді

Бүгін 09:00

Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды

Бүгін 08:41

-33 градус: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:37

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі