AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда балаларды оңалту саласында инновациялық б...

Алматыда балаларды оңалту саласында инновациялық бағыт енгізілді

Барлығы 09.02.2026, 09:16 448 Сұлу
Алматыда балаларды оңалту саласында инновациялық бағыт енгізілді
Алматы әкімдігі

Алматы Қалалық балаларды оңалту орталығында ақыл-ой кемістігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа жоба – «Smart Mental» саналы ойлау мектебі жұмысын бастады. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Жоба ата-аналарды қолдауға және баланың дамуына қатысты олардың құзыретін арттыруға бағытталған.

Негізгі мақсат – отбасыларға балалардың мінез-құлқы мен қажеттіліктерін тереңірек түсінуге, күнделікті қиындықтарды сенімді түрде еңсеруге және оңалту процесіне саналы түрде қатысуға көмектесу.

Мектеп аясында педагогтар, психолог және логопед-дефектологтардың қатысуымен практикалық сабақтар өткізіледі. Ата-аналар қолжетімді әрі қолданбалы білім алып, үй жағдайында пайдалануға болатын дағдыларды меңгереді. Бұл дағдылар психо-сөйлеу дамуы тежелген, аутизм спектрінің бұзылыстары, Даун синдромы және басқа да интеллектуалдық бұзылысы бар балалармен қарым-қатынаста, оқытуда және күнделікті күтімде қолданылады.

Оқу бағдарламасын аяқтаған қатысушыларға оны өткені туралы куәлік беріледі.

Орталық мамандарының айтуынша, жұмыстың бұл форматы мамандар мен отбасы арасында серіктестік орнатуға мүмкіндік береді және әр бала үшін оңалту процесінің тиімді әрі тұрақты болуына ықпал етеді.

Қалалық балаларды оңалту орталығына жолдаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тіркелген жері бойынша емханадан тегін алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #оңалту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы спортшылары стенд атудан әлем чемпионы атанды

Кеше 18:43

Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды

Кеше 18:32

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:29

Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді

Кеше 18:27

Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Кеше 18:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);