AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директор...

Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директорына қатысты сот үкімі шықты

Әлеумет 07.06.2021, 12:13 2,167
Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директорына қатысты сот үкімі шықты
Сурет: Inform.kz

Сот үкімімен бұрынғы басшы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.


Маусымның 7-сі күні Алматы қаласы Медеу ауданының N2 аудандық соты «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығының экс-директорына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат cайтына сілтеме жасап.


Сот анықтағандай, 2020 жылдың 30 желтоқсанында бұрынғы директордың төрағалығымен өткен комиссия отырысында осы мекеменің 22 қызметкеріне сыйақы ретінде 2 331 169 теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. 



«2020 жылдың 31 желтоқсанында А. есепшілеріне жалпы сомасы 939 000 теңгені құрайтын сыйақыны жинап, өзіне беруді тапсырды. Осылайша, сот А.-ның өз пайдасы үшін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны, бұл мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырғанын анықтады, яғни ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 



Прокурор оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады (2 917 000 теңге). 


Сотта түсіндіріп өтілгендей, Қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлігінің санкциясы 2000 АЕК-ке дейін айыппұл түрін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегуді немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазалауды көздейді. Не болмаса екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. 


Сот үкімімен бұрынғы басшы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.



«Сот сотталушы келтірілген залалды толық көлемде өтегенін, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінгенін ескерді. Сонымен бірге, ауырлататын мән-жайлар келтірілген жоқ. Осыған байланысты, А.-ға мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,- деп хабарлады соттан. 



Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Золотые слитки #Золото #Нацбанк #суд #Алматы #директор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);