AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда балалар травматолог-ортопедтері бірегей о...

Алматыда балалар травматолог-ортопедтері бірегей оталар жасады

Медицина 17.03.2025, 20:48 790 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматыда балалар травматолог-ортопедтері бірегей оталар жасады
aqshamnews.kz

Алматыда алғаш рет №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалардағы жамбас буынының туа біткен ақауларына жоғары технологиялық реконструктивтік оталар жасалды. Дәлірек айтсақ, шеберлік сабағы аясында Түркияның жетекші ортопеді Шенол Бекмездің қатысуымен 4 қазақстандық балаға жоғары білікті көмек көрсетілді. Барлық операция сәтті өтті.

14 жастағы жасөспірімнің ата-анасы №2 Алматы балалар ауруханасына келіп, баласының ақсаңдап, аяғын ауырсынып жүргенін айтқан. Дәрігерлер «бас жамбас сүйектің эпифизеолизі» диагнозын қойды. Бұл – жамбас сүйек мойнының алға қарай жылжып, қисық өсуі. Біздің елімізде алғаш рет өткізілген Имхаузер отасын Түрік әріптесімізбен бірлесіп орындау туралы шешім қабылданды.

«Бас жамбас сүйектің қауіпсіз шығарылуы жасалды. Сүйек шығыңқысы жойылды. Содан кейін вертлужды ойпаттың центрациясы жасалды. Бұл Имхаузер отасының модификациясы: импичмент, яғни қозғалысты шектеу болмауы үшін сүйектің шығыңқы бөлігі жойылады. Мұндай оталар бұрын Қазақстанда жасалмаған», – деді травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.

Дәл осындай диагнозы бар тағы бір 15 жастағы балаға осындай ота жасалды. Екі балада да алғашқыда жеңіл ауырсыну синдромы пайда болған және екі-үш ай бойы мазалаған. Бірақ жасөспірімдер бұл туралы ата-аналарына айтпаған. Сондықтан мамандарға жүгінген кезде түзетуге кеш болды. Кейінгі кезеңдегі түзетулер бас жамбас сүйектің асептикалық некрозы сияқты асқынуларға әкеледі. Сондықтан дәрігерлер жамбас сүйегінің басын бұрандамен аямай бекітіп, оны біріктірді. Содан кейін олар балаларды отаға дайындады.

Дәрігерлердің айтуынша, әдетте мұндай диагнозы бар балалар өте кеш келеді. Сондықтан уақыт өткізіп алғандықтан күрделі де ауыр отаға жатуына тура келеді. Ал дер шағында келген болса, шағын ота жасауға және сәл ғана 2 сантиметрлік кесу арқылы сүйекті бұрандамен бекітуге болатын көрінеді. Сондықтан жағдайдың күрделі болып кетпеуі үшін ата-аналар көз алдында жүрген балаларының ақсаңдап жүргеніне назар аударуы керек. Бұл кезде баланың омыртқа бағанасында ауырсыну пайда бола бастайды.

Имхаузер отасы – бүкіл әлем бойынша жаңа әдіс. Отаның қиындығы – сүйектің орын ауыстыру 40 градустан жоғары болды, сондықтан ортопедтерге жамбас буынын буын капсуласының тамырларына зақым келтірместен шығарып, деформацияны түзетіп, ештеңеге зақым келтірмеу үшін орнына қою керек болды.

Өз кезегінде Шенол Бекмез: «Отаны жасамау мүмкін емес, өйткені бала өмір бойы ақсаңдап қалады, ал алдағы 10 жылда ерте артроз, деформация және эндопротездеу қажеттілігі туындайды» деп атап өтті. Аурулардың 90%-ы емделмеген жағдайда артрозға әкеледі. Сондықтан бұл ота протездеу үшін көлемді хирургиялық араласуды болдырмау немесе кейінге қалдыру үшін жасалуы керек. Бұл отаның негізгі міндеті – жүріс пен деформацияны түзету және жамбас буынын сақтау дейді мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);