AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы сән трендтерінің көшін бастап келеді

Алматы сән трендтерінің көшін бастап келеді

Алматы Бүгін 14:30 35 yakiya
Алматы сән трендтерінің көшін бастап келеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы еліміздің сән астанасы ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандық сән индустриясы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 259,5 млрд теңгеге жеткен. Ішкі нарықтағы отандық өндірушілердің үлесі 8 пайыздан асып, қазақстандық дизайнерлер халықаралық алаңдарда белсенді таныла бастады.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Kazakhstan Fashion Week атқарушы директоры Ботагөз Алдоңғарова айтты. Брифинг Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп күніне орай ұйымдастырылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегіне сәйкес, жеңіл өнеркәсіп ел экономикасының маңызды салаларының бірі саналады. Ол шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және Қазақстанның мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға ықпал етеді.

Қазір елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында 1400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 97 пайызы - шағын және орта бизнес субъектілері.

Өткен жылы саланың өндіріс көлемі 259,5 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға өсті. Оның ішінде тоқыма өндірісінің үлесі 159 млрд теңгеге жетті. Киім өндірісі 84 млрд теңгені, былғары өнімдері өндірісі 17 млрд теңгеден астам көлемді құрады.

Бүгінде бұл салада 28 мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың шамамен 60 пайызы - әйелдер.

«Жеңіл өнеркәсіп тек киім немесе тоқыма өнімдерін өндірумен шектелмейді. Бұл - жұмыс орындарын ашатын, кәсіпкерлікті қолдайтын және елдің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды сала. Мұнда әйелдердің үлесі жоғары болуы да ерекше мәнге ие», - деді Ботагөз Алдоңғарова.

Кейінгі жылдары ішкі нарықтағы отандық өндірушілердің үлесі де артып келеді. Бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш 5 пайыз шамасында болса, 2025 жылдың қорытындысында 8,1 пайызға жеткен. Ал жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ішкі нарығының жалпы көлемі 1,87 трлн теңгеге бағаланып отыр.

Салада өндірістік базаны жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. 2025–2026 жылдары тоғыз жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде шамамен 600 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал соңғы бес жылда жүзеге асырылған 40-тан астам жоба үш мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген.

Саланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі - толық циклді тоқыма кластерлерін құру. Түркістан облысында мақта өсіруден бастап мата және дайын киім өндіруге дейінгі барлық кезеңді қамтитын ірі мақта-тоқыма жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл отандық шикізатты терең өңдеуге және экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады.

Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау шаралары жалғасуда. Мәселен, Қарағанды облысындағы Абай тігін фабрикасы арнайы жұмыс киімдерін, корпоративтік формалар мен тоқыма өнімдерін шығаруды тұрақты түрде жалғастырып келеді.

Өнеркәсіптік өсіммен қатар, отандық сән индустриясы да қарқынды дамып келеді. Қазақстандық дизайнерлер Еуропа, Азия және Таяу Шығыстағы беделді сән алаңдарында өз топтамаларын ұсынып, елдің халықаралық имиджін қалыптастыруға үлес қосып жүр.

«Қазақстандық сән бүгінде халықаралық деңгейде өз орнын айқындап келеді. Дизайнерлеріміз заманауи сәнге өзіндік көзқарасын ұсынып, жоғары кәсіби деңгейін көрсетуде. Ұлттық мәдени кодтың қолданылуы қазақстандық брендтердің ерекшелігін айқындайды», - деді спикер.

Ботагөз Алдоңғарованың айтуынша, Kazakhstan Fashion Week соңғы жылдары дәстүрлі сән апталығынан кәсіби платформаға айналды. Жоба жас дизайнерлерді қолдауға, өңірлік бастамаларды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның тағы бір ерекшелігі - өңірлік сән инфрақұрылымының дамуы. Kazakhstan Fashion Week көрсетілімдері Алматы мен Астанадан бөлек Ақтау, Шымкент, Ақтөбе және Қостанай қалаларында да өткізіледі. Бұл жергілікті дизайнерлер мен креативті индустрия өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер ашады.

Салада халықаралық әріптестік те кеңейіп келеді. Соның бірі – Қытайдың Хэбэй провинциясымен тоқыма өндірісі, өндірістік кластерлер құру, келісімшарттық тігін өндірісі және экспорттық бағдарламаларды дамыту бағытындағы ынтымақтастық.

Спикердің сөзінше, қазақстандық сән индустриясының басты артықшылықтарының бірі - елдің бай мәдени мұрасы. Ұлттық ою-өрнектер, қолөнер дәстүрлері, киіз бұйымдары, кесте тігу және зергерлік өнер элементтері заманауи топтамалардың ажырамас бөлігіне айналып келеді.

Алдағы кезеңде сала алдында ішкі нарықтағы отандық өндірушілер үлесін арттыру, мата мен фурнитура өндірісін дамыту, кәсіпорындарды цифрландыру, еңбек өнімділігін көтеру, білікті кадр даярлау және экспорт географиясын кеңейту міндеттері тұр.

Мамандардың пікірінше, Қазақстанда толық циклді ұлттық сән индустриясын қалыптастыруға қажетті барлық алғышарт бар. Бұл шикізат өндіруден бастап халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті брендтер қалыптастыруға дейінгі бүкіл тізбекті қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сән әлемі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Қазақстан сәнінің астанасы болып қала береді: ұлттық стиль қазақстандық сәннің өзегіне айналды

Бүгін 15:13

Ұлылар ұя салған өлке

Бүгін 15:10

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Бүгін 14:46

Мемлекет басшысы конституциялық және салалық бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 14:43

Шілдеде қанша күн демалыс бар?

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);