AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай...

Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынылды

Алматы Бүгін 11:11 46
Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынылды
Алматы әкімдігі

Ақылы автотұрақ тарифтері 10 жылдан кейін алғаш рет қайта қаралады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифтерін көлік жүктемесіне қарай саралау ұсынылды. Жаңа тәсіл автотұрақ орындарының қолжетімділігін арттырып, көлік қозғалысы қарқынды учаскелердегі жүктемені азайтуға бағытталған. Жоба қалалық мәслихат сессиясында таныстырылды.

Коммуналдық ақылы автотұрақтардағы қолданыстағы сағатына 100 теңге тариф 2016 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыт ішінде қаладағы көлік саны 1 миллионнан асып, жол-көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме артты.

Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, бірыңғай тариф, әсіресе қаланың орталық бөлігінде, автотұрақ орындарының тиімді айналымын қамтамасыз етіп, бос орындардың қолжетімділігін сақтауға жеткіліксіз болып отыр. Соның салдарынан жүргізушілер бос орын іздеп, көлікпен қосымша жүруге мәжбүр болады.

Осы мәселені шешу үшін автотұрақ тарифін аумақтағы көлік жүктемесі мен оның функционалдық ерекшелігіне қарай белгілеу ұсынылады.

Жоба бойынша көлік жүктемесі төмен учаскелерде сағатына 100 теңге тариф сақталады. Орташа жүктемелі аумақтарда тариф 150 теңге, ал көлік көп жүретін әрі автотұрақ орындары тапшы учаскелерде 200 теңге болады.

Бұл ретте тұрғындарға арналған жеңілдік сақталады. Ақылы автотұрақ аймағында тұратын тұрғын үй иелері арнайы рұқсат рәсімдеп, үйіне жақын орналасқан автотұрақты тегін пайдалана алады. Сонымен қатар пайдаланушылардың кейбір санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады. Бұл шара жергілікті тұрғындардың мүддесін ескеруге және автотұрақ кеңістігін жайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоба әзірлеушілерінің пікірінше, ұсынылып отырған өзгеріс автотұрақ кеңістігін неғұрлым тиімді басқаруға бағытталған.

Жаңа жүйе автотұрақ орындарының айналымын арттырып, көлік көп жиналатын көшелерде тұрақтау уақытын қысқартуға және қысқа мерзімге көлік қоятын жүргізушілер үшін бос орындардың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Жобаны іске асыру екінші қатарға көлік қою жағдайын азайтуға, бос орын іздеуге кететін уақытты қысқартуға, қала орталығындағы көлік жүктемесін төмендетуге және жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға көмектеседі деп болжанып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Бүгін 11:26

Алматыда тіркеу үшін бір адамға кемінде 15 шаршы метр нормативі бекітілді

Бүгін 11:21

Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері: Алматы кардиологтары күрделі оталар жасады

Бүгін 11:10

Үкіметте медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері қаралды

Бүгін 11:04

Ұлттық ғылым академиясында «Qazaqstan AI for Science» алғашқы ашық тұжырымдау сессиясы өтті

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);