AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеуд...

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Алматы Бүгін 11:26 42
Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды
Алматы әкімдігі

Көлік құралдарын эвакуациялау және сақтау ақысын төлеу тәртібі жетілдіріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуациялау және уақытша сақтау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібін белгілеу ұсынылды. Тиісті шешім жобасы қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылды.

Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған өзгеріс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайда ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген көліктерге қолданылады.

«Бұл барлық автокөлікті эвакуациялау жағдайларына қатысты емес. Ұсынылып отырған тәртіп көлік құралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген кезде ғана қолданылады», – деді Ержан Диханбаев.

Мұндай тәсіл Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру қағидаларында бекітілген. Онда эвакуация деп ӘҚБтК-ге сәйкес ұсталған көлік құралын арнайы алаңға немесе тұраққа мәжбүрлеп жеткізу түсініледі.

Жобаға сәйкес, көлік құралының санатына қарамастан эвакуациялау құны 3 АЕК мөлшерінде белгіленеді. Бұл төлемді есептеу тәртібін біріздендіріп, көлік иелері үшін түсінікті етуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте автокөлікті уақытша сақтау үшін бөлек тариф қарастырылған. Ол көлік иесіне қосымша шығыннан толықтай құтылуға немесе оны азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін, 2026 жылы 30 шілдеде Алматы қаласының мәслихаты Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған көлік құралдарын жеткізу және сақтау тәртібін айқындайтын Жол қозғалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіткен болатын.

Егер көлік иесі эвакуацияланған күні сағат 18:00-ге дейін автокөлігін алып кетсе, сақтау ақысы алынбайды. Бұл жағдайда тек эвакуациялау құны төленеді.

Егер көлік сағат 18:00-ден кейін арнайы тұрақта қалса, сақтау ақысы көлік санатына қарай есептеледі. Алғашқы тәулікке төмендетілген мөлшерлеме белгіленеді.

Мәселен, жеңіл автокөлікті сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК, кейінгі әр тәулікке 5 АЕК болады. Көліктің басқа санаттары үшін төлем мөлшері оның түрі мен сипаттамаларына қарай сараланады.

Бұл тәртіпті енгізуге 2025 жылы «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер негіз болды. Оған сәйкес Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдар мен тұрақтарға ұсталған көліктерді жеткізу және уақытша сақтау ақысын белгілеу өкілеттігі берілді.

Ұсынылған жоба осы өкілеттікті жүзеге асырып, ұсталған көліктерді эвакуациялау және арнайы тұрақта сақтау үшін төлемнің бірыңғай тәртібін қалыптастыруға бағытталған.

Тарифтерді есептеу кезінде эвакуаторларды пайдалану және күтіп ұстау, арнайы тұрақтардың тәулік бойы жұмыс істеуі, күзет, коммуналдық қызметтер мен инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындары ескерілген. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, эвакуаторлар мен қызметкерлер тәулік бойы жұмысқа дайын болуы, ал арнайы тұрақтар бейнебақылау, жарықтандыру, қоршау, бақылау-өткізу пункті және тәулік бойғы күзетпен қамтамасыз етілуге тиіс.

Жоба заңнамада белгіленген рәсімдерден өтіп, қажетті оң қорытынды алған.

Құжат қабылданған жағдайда ұсталған көліктерді эвакуациялау және сақтау құнын есептеудің бірыңғай әрі түсінікті тәртібі енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Бүгін 12:08

Энергетика вице-министрі Қашағандағы өндірістік нысандармен танысты

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа тұрғын үй кешенін жобалағанда не ескеріледі

Бүгін 12:02

Алматыда тіркеу үшін бір адамға кемінде 15 шаршы метр нормативі бекітілді

Бүгін 11:21

Алматыда автотұрақ тарифін көлік жүктемесіне қарай белгілеу ұсынылды

Бүгін 11:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);