Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматыда аула аумағын үздік көгалдандыруға байқау...

Алматыда аула аумағын үздік көгалдандыруға байқау жарияланды

Хабарлама 04.09.2021, 04:13 1,603
Алматыда аула аумағын үздік көгалдандыруға байқау жарияланды
astana.gov.kz

Жеңімпаз 5 млн теңге алады.


Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.



«Қала күні қарсаңында аула аумағын үздік көгалдандыру байқауының басталғаны туралы хабарланды. Тұрғын үй иелері бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары ecovid.kz сайтында өтінім бере алады. Жеңімпаз 5 млн теңге алады», - деді Бақытжан Сағынтаев.



Алматыда қала күніне орай «Аула аумағын үздік көгалдандыру - 2021» байқауы жарияланды. Жеңімпазға ауланы көгалдандыруға қажетті құрал-сайман, өсімдіктер сатып алуға 5 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталады. 


Байқау аулаларды абаттандыру және көгалдандыруға,  тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін бағалау үшін және экологиялық ахуалды жақсарту үшін ұйымдастырылып отыр. 


Байқауға тұрғындар, меншік иесі ұйымдары мен пәтер иелері кооперативтері қатыса алады. Іс-шара ауланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қала тұрғындарының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, қаланың жасыл желегіне көңіл бөлу мәселелеріне де мән берілуде.  


Жұмыстарды бағалау кезінде олардың мәдени-эстетикалық, тәжірибелік, жаңашылдық ерекшеліктеріне назар аударылады. Байқауға қатысу үшін www.ecovid.kz сайтында тіркеуден өтіп, өтініш қалдыру қажет. Марапаттау салтанаты Қала күні — 19 қыркүйек күні өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала күні #байқау #5 млн теңге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті

Бүгін 11:36

Қазақстанның ғарыштағы жолы

Бүгін 11:07

ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Бүгін 10:47

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

Бүгін 10:34

Әскердегі әлімжеттікті енді ЖИ қадағалайды

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика