AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда “AUEZOV FEST - 2025” жәрмеңкесі өтті

Алматыда “AUEZOV FEST - 2025” жәрмеңкесі өтті

Барлығы 24.05.2025, 16:14 975 dulatbekova
Алматыда “AUEZOV FEST - 2025” жәрмеңкесі өтті
Сурет: Әуезов ауданының әкімдігі

“UAQYT” қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Әуезов ауданы демалыс орталықтарының «AUEZOV  FEST-2025» жәрмеңкесін сәтті өткізді.

”Біздің қор Әуезов ауданындағы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық дағдысы мен мүмкіндігін жан-жақты дамытуға қызмет ететін демалыс орындарының жұмысын үйлестіріп отырады. Ауданда 30 үйірме, секция жұмыс істейді. Оларға бүгінде 12 жастағы жасөспірімнен бастап, 35-ке дейінгі жастар қатысып жүр. Бәрі  тегін. Бүгінгі жәрмеңкеге 17 демалыс орталығы келді. Бұл жәрмеңке демалыс орталықтарының жетістігін, сондай-ақ үйірмелерге қатысқысы келетін жастар үшін мүмкіндік алаңын ұсынды. Қазір жазылып кетіп, ертеңнен бастап қатыса беруіне болады”, - дейді “UAQYT” қоғамдық қорының директоры Бауыржан Сәбитұлы.

“AUEZOV  FEST-2025” фестивалі қаладағы “Сарыарқа” алаңында өтті.
Онда фестиваль қатысушылары мен қонақтары үшін демалыс орталықтарының жәрмеңкесі, ойын-сауық концерттік бағдарламасы, дамытушы “шеберлік сыныбы” және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

”Біздің “АR” орталығынын тігін цехы бар. Ұлттық киімдер, тақия тігеміз. Әшекей бұйымдар жасаймыз. Өзіміз тіккен осы киімдермен ұлттық сән апталықтарына шығып жүрміз. Бұл - менің дизайнерлік жобаларымның бірі. Бізге тігін өнерімен айналысқысы келетін жастар көп келеді. Оларды жатсынбай, бірден бауырға тартып, тігіншіліктің қыр-сырын үйретеміз. Тіккен бұйымын көпшілікке ұсына, сата білуді де үйретеміз. Бұл істі хобби көретіндер, уақытын тиімді өткізгісі келетін жасөспірімдер де аз емес. Оларға да есігіміз ашық. Жастардың дамығаны, сүйікті ісімен айналысқаны бізді әрдайым қуантады”, - дейді “AR” демалыс орталығының жетекшісі, танымал дизайнер Раушан Әнуарбекова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«AUEZOV  FEST-2025» #жәрмеңке #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);