ffin.kz

Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді

Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда атаулы әлеуметтік көмек 48 мыңнан астам адамға тағайындалды, оның ішінде 37 мыңнан астамы төлем алды.


Мегаполисте осы мақсаттарға 4,5 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының Мансап орталығының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгілейді. Алматы қаласында 2023 жылдың 3 тоқсанындағы кедейлік шегі 34 929 теңгені құрайды.



«АӘК-ке үміткер тұлғалар консультациялар алу үшін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтерді ұсынылу шарттары туралы акпарат алуға, тұрғылықты тіркелген мекен-жайы бойынша Мансап орталығының қызметкерлеріне жүгіне алады немесе онлайн өтініш бере алады. Үміткерлер өтініш беру үшін, тұрғылықты мекен- жайға тұрақты немесе уақытша тіркелу қажет және уақытша тіркелген жағдайда АӘК -ке 6 ай өткен соң ғана өтініш бере алады. Мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған және цифрландырылған. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қолма-қол өткізу талап етілмейді. АӘК тағайындау үшін үміткерлерге тоқсан сайын өтініш беруі қажет», - деп ақпараттандырды Алматы қаласы Мансап орталығының жетекшісі Әділет Жаңабаев. 



Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.


Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:


1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына катысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кipici аз адамдарға:
 осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге; eкі  айдан астам еңбекке уакытша кабілетсіздігі мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;


2) құрамында еңбекке кабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке кабілетті жалғыз мүшесі, үш жаска дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа, күтімді жүзеге асыратын кipici аз отбасыларға көрсетіледі.



«Шартты ақшалай көмек жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті бар адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті (еңбекке қабілетті) адамы (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға оның (олардың) шараларға қатысуы шартымен жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажет болған кезде көрсетіледі. 


Құрамында еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасылар үшін учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін жеке жоспар жасалады, онда отбасының (адамның) жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың тізімі көрсетіледі және өтініш берушімен шартты ақшалай жүгіну кезеңіне әлеуметтік келісімшарт жасалады. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт аз қамтылған адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларына қатысу жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған кезде бұзылады», - деп атап өтті спикер.



Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде отбасының әрбір адамына есептей отырып тағайындалады.
Балаларға арналған Қосымша төлем Әлеуметтік Кодекске сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті қарау кезеңінде 1,5 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде жүргізіледі, бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға республикалық бюджет туралы заңнамамен тиісті қаржы жылына белгіленген есептік көрсеткішпен төленеді.


Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша аудандық бөлімшелерге және Достық даңғылы, 85, мекен-жайы бойынша «Әлеуметтік қызметтер үйіне» жүгінуге болады. Сонымен қатар, 310-47-82 бірыңғай нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32