Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне арн...

Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған республикалық семинар өтті

Білім және ғылым Бүгін 17:10 49
Алматыда әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған республикалық семинар өтті
Сурет: Алматы қаласының Білім басқармасы

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мазмұны мен патриоттық тәрбие басымдылығы» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдың 25 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес республикалық семинар-практикум өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – әскери-патриоттық тәрбиені жүйелі дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді республика көлемінде тарату.

Семинар-практикум Республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Оразұлының қатысуымен №222 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті. Іс-шара алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне арналды. Республикалық деңгейдегі маңызды алаңға еліміздің әр өңірінен тәжірибелі мамандар шақырылды. Спикерлер қатарында:

– «Айбын–2025» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпазы, Абай облысы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Абай облысының «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Түсіпов Серік Асаубаевич «Айбын – жігерлі жастардың шыңдалу алаңы» тақырыбында өз тәжірибесін бөлісті.

– Атырау облысы білім басқармасының «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры, Атырау облысы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Елеуов Нұрлан Мұханбетжанович «Мамандандырылған әскери мектеп – ел қорғанын тәрбиелеу негізі» тақырыбында баяндама жасады.

– Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл №1 орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Қостанай облысы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы, нысана көздеп атудан республикалық «Мерген ару–2025» байқауының жеңімпазы Лезбаев Сергей Калиевич «Әскери-патриоттық клубтардағы оқушылардың ату дағдыларын дамыту әдістемесі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

– Алматы облысы, Іле ауданы, Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Абдрешов Досым Қанапиянович «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мен әскери-патриоттық тәрбие бойынша нормативтік-құқықтық негіздер» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибе алмасты.

– Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, М.Ломоносов атындағы орта мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мунтинов Берік Ерболанович «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілеріне патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында әскери-патриоттық тәрбие берудің заманауи әдіс-тәсілдері, халықаралық және республикалық жастар жиындарының тәрбиелік маңызы, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар практикалық шеберлік сағаттарына қатысып, әскери-қолданбалы спорт элементтері мен ұйымдастыру тәжірибесі бойынша нақты ұсыныстар алды.

Аталған республикалық семинар-практикум әскери-патриоттық тәрбиені жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды. Іс-шара педагогтердің кәсіби өзара байланысын нығайтып, өңіраралық тәжірибе алмасуды күшейтті. Жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы тұрғыда Алматыда өткен республикалық семинар-практикум әскери-патриоттық тәрбиені дамыту жолындағы мазмұнды әрі нәтижелі алаң ретінде жоғары бағаланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әскери-патриоттық тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Бүгін 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Бүгін 17:31

Алматыдағы ҚХА құрамына кіретін этноорталықтар мен «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС жұмысшылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:30

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады

Бүгін 17:24

Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі