Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскери жоғары оқу орнына түсу мерзімі 15...

Алматыда әскери жоғары оқу орнына түсу мерзімі 15 маусымға дейін ұзартылды

Әлеумет 26.05.2023, 09:05 1,530
Алматыда әскери жоғары оқу орнына түсу мерзімі 15 маусымға дейін ұзартылды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР жоғары әскери оқу орындарына түсу кезеңдері туралы Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы, полковник Қайрат Даутов айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Институт 6 мамандық бойынша даярлауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта 600-ден астам курсант оқиды. Оқу орнында 17 кафедра бар, оның ішінде 170 оқытушы жұмыс істейді.



"Оқуға түсудің барлық шарттары Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығында егжей-тегжейлі баяндалған. Барлық талапкерлер тегін негізде оқуға қабылданады. ҰБТ нәтижесі бойынша өту балы кемінде 50 балды құрайды. Институтқа түсу үшін бейіндік пәндер физика және математика болып табылады және осы пәндер бойынша ҰБТ-да ең төменгі бал 7 балды құрайды. Жергілікті әскери басқару органдарына өтініш беру мерзімі оқуға түсу жылының сәуір айына дейін. Биылғы жылы көптеген талапкердің өтінішін ескере отырып, Қорғаныс министрі бұл мерзімді 15 маусымға дейін ұзартты", - деді Қайрат Даутов.



Оның айтуынша, сұранысқа ие мамандықтар - зениттік зымырандық, радиотехникалық әскерлер, байланыс және ақпаратты қорғау. Қазіргі уақытта радиоэлектрондық барлау және жауынгерлік мамандығы танымал болып келеді. Сонымен қатар, байланыс мамандарын даярлау барысында курсанттар 50-ден астам бейіндік пәндерді оқиды, олардың ішінде электродинамика, антенна және қабылдау-тарату құрылғылары, коммутация құралдары және әртүрлі мақсаттағы радиостанциялар.


"Болашақ офицерлерді даярлаудағы басты бағыттардың бірі – оларда дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазіргі уақытта біздің институт курсанттары Қазақстан Республикасының атынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері арасындағы Халықаралық спорттық сайысқа қатысады", - деп бөлісті Қ.Даутов.


Болашақ офицерлердің дене шынықтыру дайындығы үшін институтта спорттық жаттығу залдары, стадион және әскери-қолданбалы спорт түрлеріне арналған тренажерлер бар.



"Әскери-оқу орындарының, атап айтқанда біздің институттың ерекшеліктерінің бірі – оқуды аяқтаған барлық курсанттың 100% жұмысқа орналасуында. Біздің түлектер Қарулы Күштердің барлық түрлеріне, әскери бөлімдерге, сондай-ақ басқа да күш құрылымдарына жіберіледі. Әскери мамандық беделді әрі танымал болып табылады", - деп атап өтті ол. 



20 жылдық тарихы бар институттың өз дәстүрлері де қалыптасқан. Оның ішінде 5-курс курсанттарының қоштасу концертін ұйымдастыру, түлектердің "лейтенант аллеясына" болашақ талапкерлерге арнап тілек капсуласын салуы, ағаш отырғызу және т.б..


Сонымен қатар, институт курсанттары жыл сайын түрлі олимпиадаларға, зияткерлік конкурстарға, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысады. Биыл курсанттар Санкт-Петербург қаласында өткен информатика пәнінен Халықаралық олимпиадаға және институт базасында өткен математика пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Радиоэлектроника #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика