AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда әскер балуаны Нұрқожа Қайпанов әлем чемпи...

Алматыда әскер балуаны Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатынан жеңіспен оралды

Спорт 03.11.2024, 13:11 1,188 dulatbekova
Алматыда әскер балуаны Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатынан жеңіспен оралды
Сурет: Gov.kz

Халықаралық әуежайда әлем чемпионы ефрейтор Нұрқожа Қайпановты Армияның орталық спорт клубының басшылығы, әріптестері мен достары қарсы алды.

Спортшы олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты өткен Албаниядан ұшып келді, онда ол әріптесі кіші сержант Жәмилә Бақбергеновамен бірге ел намысын қорғады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Еркін күрестен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі ефрейтор Нұрқожа Қайпанов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Қызылорда облысы Арал қаласының тумасы. 2021 жылы АОСК ротасында мерзімді әскери қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Алматыдағы Армия орталық спорт клубы филиалы оқу-жаттықтыру орталығы штаттық командаларды даярлау бөлімі еркін күрес командасы бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы болып қызмет етеді.

Қазір Нұрқожа Қайпановтың қоржынында Азия чемпионатының екі "алтыны" және "күмісі", әлем чемпионатының "алтыны" мен "күмісі" бар. Айта кетейік, Нұрқожа еркін күрестен қазақстандық екінші әлем чемпионы.

Кіші сержант Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтынға таласта Жапониядан келген спортшы Ами Ишииге есе жіберіп, "күміске" ие болды. Бұл спортшының күрестен әлем чемпионаттарынан алған төртінші медалі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрқожа Қайнапов #Балуан #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);