AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды ке...

Алматыда «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті

Барлығы 04.02.2026, 14:30 308
Алматыда «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Құлболды кітапханасында Хантәңірінің мұзбалақ ақыны Мұқағали Mақатаевтың 95 жылдығына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл шара ақынның шығармашылығын жастарға таныстыру, оның әдеби мұрасын насихаттау.

Кештің басты мақсаты – М.Мақатаевтың әдеби мұрасын таныту, оның поэзиясының қоғамдағы, рухани және мәдени өмірдегі маңыздылығын көрсету болды. Кездесу барысында ақынның шығармаларының тереңдігі мен рухани қуатын ұғыну аудиторияға үлкен ой салды.

Әдеби кеште  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхтархан Қалиұлы мен Бақыт Беделханұлы, сондай-ақ, «ADILMED» колледжінің  студенттері, №188 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Келген қонақтарға, ұстаздар мен оқушыларға кітапхана ішінде таныстырылыммен басталып, ары қарай кеш жалғасын тапты.

Мұхтархан Қалиұлы ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылығының ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталды. Ол М.Мақатаевтың поэзиясының терең мағыналы тұстарына тоқтала, өзінің шығармашылығына ақынның тікелей әсер бергені туралы

Бақыт Беделханұлы жастарға қызығымен қиыншылығы қатар жүретін ақындық жолдың маңызы мен рухани өмірдің мәнін жеткізді. Ол поэзияның адам өміріндегі рөлін, эмоционалдық және интеллектуалдық даму үшін қажеттілігін баса айтты.

Мектеп оқушылары кештің ерекше қатысушылары болды. Олар өздері дайындап келген сахналық көріністерін көрсетіп, М.Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды. №188 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары Медетұлы Ислам, Өмірбай Алдияр, Шәріпхан Айзере, Ережеп Акбаржан, Қияқбай Жанерке өз өнерлерімен  кешті жандандырып, жалпы атмосфераға рух берді. Шыңдықтар мен өлеңдер бастарында шығармашылық шеберлік пен артистердің жүректерімен көрерменді баурап алды.

Кеш барысында қатысушылар ақынның шығармашылығына қатысты өз ойларын еркін айтты, сұрақтарын қойды, пікірлерімен бөлісті. М.Мақатаевтың поэзиясының ұлттық мәдениетіміздегі орны мен жастарға беретін тәрбиелік мәні жөнінде талқыланды. Келгендер ақынның әдебиеттегі маңыздылығын және поэзияның білім мен тәрбиедегі рөлін атап өтіп, шығармашылығында қазақ әдебиетінің құнды мұрасы екендігін білдірді.

Шара барысында «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылып, шолу жасалды. Құлболды кітапханасы ұйымдастырған бұл кеш — М.Мақатаевтың шығармашылық мұрасын насихаттап, оның поэзиясының халыққа адал қызметін көрсету мақсатындағы маңызды шаралардың бірі болды. Мұндай іс-шаралар нағыз сөз өнеріне баулып, жастардың ұлттық мәдениетке достық және жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика