AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына...

Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Мәдениет 05.02.2023, 07:11 2,200 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
сурет:ratel.kz

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды.


Республика сарайында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шығармашылық кешті әншінің құрдасы Тұңғышбай Жаманқұлов пен шәкірті Тоқтар Серіков жүргізді.


Әуезді ән кеші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атынан жолданған құттықтау хаттарды оқып, мерейтой иесінің иығына шапан жабумен басталды.


Өнер мен мәдениет саласын өркендетуде елеулі үлес қосып келе жатқан көрнекті композитор, белгілі қоғам қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың мерейтойлық концертіне өнерсүйер қауыммен бірге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, сондай-ақ өнер тарландары мен зиялы қауым өкілдері келді.


Кеш барысында үлкен экраннан әншінің халық арасында кеңінен танылған әндерінің дүниеге келу тарихына тоқтала отырып түсірілген «Ақ дегелек» деректі фильмінен үзінділер көрсетілді. Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, «МузАРТ» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Алма Аманжолова, Әлішер Кәрімов, Ернар Айдар, Төреғали Төреәлі, Қырғызстаннан келген әншілер және өзге де эстрада әншілері Алматы аспанын әнге бөлеп, Алтынбек Қоразбаевтың «Ай-хай, 25!», «Сағындым Кенен атамды», «Әгугай, домбыра», «Сағындым Алматымды», «Ақмоншақты ауылым», т.с.с. көптеген әндерін нақышына келтіре орындады. Ал Асанәлі Әшімов атамыздың ұлы – кіші Асанәліге арнап айтқан «Құлыным» әні тыңдарманның көңілін толқытты. Ән аяқталғаннан соң мерейтой иесін құттықтаған Асанәлі аға:



«Қазақта ағасының киімін інісі киеді. Мен мына шапанымды өзіңе сыйлаймын», - деп өзі иығына жамылып шыққан шапанын қағып-қағып жіберіп, мерейтой иесінің иығына жапты. Актерлік шеберлікпен айтылған әдемі әзіл көрерменнің ду қол шапалақтауына ұласты.  



Сағынышқа толы, лирикалық әндер жазған, өзінің қоңыр үнімен халықтың жүрегіне жол тапқан Алтынбек Қоразбаевтың өнерден ойып алар орны бөлек. Оның шығармашылығында қазақ халқының басынан кешкен тауқыметі өзіне лайық бейнесін тапқан. Өткен ғасырда елге тез тараған «Қара шал», «Қара кемпір», «Қара пима» әндері бұл сөзімізге дәлел. Сазгердің концертінде «Қара шал» әнінің желісімен дайындалған «Қарттар үйі» жайындағы көрініс те көрерменге ерекше әсер етіп, тіпті, кейбірінің көзіне жас алдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алтынбек Қоразбаев #композитор #әнші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);