AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты

Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты

Алматы Бүгін 16:25 61 yakiya
Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты
Алматы әкімдігі

Алматыда «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі аясындағы қорытынды іс-шаралар өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бес күн бойы Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның жастар делегациялары түркі мемлекеттері жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған білім беру, диалог, экологиялық, еріктілік және мәдени жобаларға қатысты.

Іс-шаралар бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған негізгі басымдықтарға сәйкес әзірленді. Олар цифрландыру және жасанды интеллект, «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы және еріктілік қозғалысты дамыту.

Цифрландыру бағыты аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастары мен сарапшылары қатысқан халықаралық Digital Turkic Youth форумы өтті. Технологиялық компаниялар мен білім беру ұйымдарының өкілдері жасанды интеллекттің дамуы, цифрлық технология, болашақтың құзыреттері және еңбек нарығындағы өзгерістер жайын талқылады.

Адами капиталды дамыту мәселесіне арналған Kazakhstan–Turkey Psychosocial Support Project халықаралық форумы Қазақстан мен Түркияның сарапшыларын бір алаңға жинады. Қатысушылар жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсету, эмоционалдық тұрақтылықты арттыру және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, делегациялар Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне барып, күйзеліске төзімділікті арттыру бойынша тәжірибелік тренингке қатысты.

Спорт бағыты бойынша қатысушылар «Қайрат» футбол клубы академиясында жас спортшыларды даярлау жүйесімен танысты.

Іс-шаралардың маңызды бөлігінің бірі Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар кемпингі болды. Оның аясында жастар дипломатиясы мен мәдениетаралық ынтымақтастыққа арналған Beyond Borders: Youth Without Borders сессиясы, сондай-ақ цифрландыру, экология, еріктілік және қоғамдық даму бағыттарындағы бастамаларды әзірлеуге арналған Youth Solutions Lab хакатоны ұйымдастырылды.

Халықаралық еріктілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Еріктілердің халықаралық жылы аясында жүзеге асқан «Атташе мектебі» жобасына қатысушылар халықаралық хаттама мен мәдениетаралық коммуникация негіздерін меңгеріп, шетелдік делегацияларды қолдауға атсалысты.

«Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында Turkic Youth Tree of Unity экологиялық акциясы өтті. Түркі мемлекеттерінің жас өкілдері қоршаған ортаны қорғаудағы ортақ жауапкершілік пен бірліктің белгісі ретінде ағаш екті.

«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша тақырыптық кездесулер мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.

14 маусым күні жобаның салтанатты жабылу рәсімі өтіп, қорытындыланды. Сондай-ақ, Түркі әлемінің жастар астанасының символикалық кілті Өзбекстан Республикасының өкілдеріне табысталды.

Айта кету керек, 2025-2026 жылдары аталған мәртебені іске асыру кезеңінде Алматыда 8 мыңнан астам жасты қамтыған 60-тан астам іс-шара өткізілді. Бұл жоба жастар дипломатиясын нығайтуға, гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге және халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға ықпал етіп, Алматының түркі әлемінің жетекші жастар орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47

«СӘТТЕР»: Елена Каркавинаның жеке көрмесі

Бүгін 16:43

«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат Алматыда Отанға адал болуға ант берді

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);