Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда алты мектеп ашылады

Алматыда алты мектеп ашылады

Білім және ғылым 16.07.2024, 09:50 1,563
Алматыда алты мектеп ашылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп ашылмақ.

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету үшін қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жаңа білім беру нысандары мен жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша құрылыстар салынуда, жеке инвестициялар есебінен мектептер ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Орын тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен Саялы және Зерделі шағын аудандарында 1100 орындық екі мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2 585 орындық 6 қосымша құрылыс бойынша жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдар). Ағымдағы жылы 1675 орындық тағы 4 қосымша құрылыстың құрылысын бастау жоспарлануда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушы орнына (бір ауысымда) 22 мектеп салу жоспарланған.

2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде оқу жылы басталғанға дейін бекітілген кестеге сәйкес 7 100 орындық 5 мектеп (№97, Розыбакиев-Левитан көшесіндегі мектеп, Ақбұлақ ш/а №154 мектеп, «Нұрлы Дала» ТК ауданында, Теректі ш/а) іске қосылады.

2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша, келесі жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін 3-4 мыңға төмендейді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика