Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Алғыс айту күніне орай “ALGYS FEST” мерек...

Алматыда Алғыс айту күніне орай “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтті

Мәдени Алматы Бүгін 19:26 23
Алматыда Алғыс айту күніне орай “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтті
Алматы әкімдігі

1 наурыз күні Алматыдағы Aport Mall East сауда-ойын-сауық орталығында Алғыс айту күніне арналған ауқымды «ALGYS FEST» мерекелік концерті ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген айтулы іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, ризашылық пен мейірімге толы тағылымды атмосфера қалыптастырды.

Биыл Алғыс айту күні елімізде ресми түрде 10 рет тойланып отыр. Осы уақыт ішінде бұл мереке қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайтып, қазақстандықтардың бірлік, татулық және өзара қолдау құндылықтарын дәріптейтін маңызды күнге айналды. Аталған мерекелік іс-шара да осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда алғыс айту мәдениетін кеңінен насихаттау, азаматтарды игі істерге және бір-біріне ризашылық білдіруге үндей отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту. Мыңдаған көрермен жиналған мерекелік кеш басталған сәттен-ақ сауда орталығының алаңы шаттық пен қуанышқа бөленді.

Концерттік бағдарламада еліміздің танымал өнер өкілдері – Алашұлы, Raim, Ерке Есмахан, Kalifarniya, «Алатау серілері», «Арқайым», Нұрсұлтан Нұрбердиев, Балауса Ерғалина, Серікбол Сайлаубек, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерпаздар жиналған қауымды көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтап, жүрекжарды лебіз жолдады.

Іс-шара барысында қоғам белсендісі, неміс этносының өкілі Алина Кан құттықтау сөз сөйлеп, қазақ халқына деген ерекше алғыс білдірді. Ол Қазақстан халқының кеңпейілділігі мен мейірімділігіне ризашылығын жеткізіп, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі. Бұл тағылымды сөз мерекенің мәнін айшықтап, өзара сыйластық пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Ұйымдастырушылар Алғыс айту күнінің тарихи әрі қоғамдық маңызына тоқталып, мерекенің елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы айрықша рөлін жеткізді. Он жылдық белесті еңсерген мереке бүгінде қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтарды жаңғыртып, әр азаматтың жүрегінде ризашылық пен ізгілік сезімін қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

«ALGYS FEST» мерекелік концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында көрермендер бір-біріне ақжарма тілек ақтарып, ортақ қуанышқа бөленді. Ауқымды мәдени іс-шара Алғыс айту күнінің мазмұнын тереңдете түсіп, ел бірлігі мен татулығын дәріптеген тағылымды мерекеге айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр – Ақорда

Бүгін 17:52

Жыл сайынғы киножобалар конкурсы басталды

Бүгін 17:07

Алматыда 10 мыңнан астам жас референдумды қолдады

Бүгін 16:05

Динара Зәкиева Ирандағы мектепке жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін 15:31

Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші едәуір азайған

Бүгін 14:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі