AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Заң мен тəртіп 20.01.2025, 13:26 1,340 dulatbekova
Алматыда алғашқы мопед тіркелді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда мопедті алғашқы тіркеу жұмыстары табысты аяқталды.

 Жас алматылық өз көлігінің техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 – 2024 жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген түзетулердің негізгі мақсаты – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады. 2024 жылдың 11 қаңтарынан бастап пилоттық жоба аясында мопедтерді тіркеуге рұқсат беретін ережелер күшіне енді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімін әзірледі, ал мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда да тіркеу оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Айта кетейік, биыл сәуір айынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мопед жүргізушілерінің жауапкершілігіне қатысты түзетулер енгізіледі. Олар А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы тиіс және басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тіркеу #алғашқы мопед
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);