Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғашқы 3D операция жасалды

Алматыда алғашқы 3D операция жасалды

Медицина 10.10.2022, 03:36 1,348
Алматыда алғашқы 3D операция жасалды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанда алғаш рет 3D-технологияның көмегімен сырқаттың жамбас сүйегін қалпына келтірді


Астаналық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Нұрдәулет Мекенбайға Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары «хондросаркома» деген диагноз қойған болатын. Осы аралықта отандық онкологтер 23 жастағы науқасты алдын ала ерекше операция жасауға дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.


Қазақстанда алғаш рет 3D-технологияның көмегімен сырқаттың жамбас сүйегін қалпына келтірді. Бірінші операция Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Сүйектер, жұмсақ тіндер мен меланома ісіктері орталығында жүргізілді.



«Науқасқа алдымен мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы кеңес берді. Бұрын мұндай диагноз қойылған кезде хирургтер жамбас сүйектерінің зақымдалған аумағын алып тастауға мәжбүр еді. Бұл жамбас қуысының тұтастығын бұзып, адамның жүрісінің өзгеруіне, науқастың омыртқасының қисаюына әкеледі. Бұл операцияның артықшылығы, емделушінің жасын ескере отырып, онкохирургтер ісікті алыптастап қана қоймай, науқастың өмір сапасын да сақтап қалуды да мақсат тұтты», - деді «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Сүйектер, жұмсақ тіндер мен меланома ісіктері орталығының басшысы, тәжірибелі онкохирург Ғани Серікбаев.



Жоба түріндегі операцияны жасау үшін қытайлық Koln 3D Technology компаниясымен қоса Гонконг университетімен бірлесіп ұзақ мерзімді меморандум жасалған. Осы мәміледен кейін науқастың КТ-деректері Гонконгқа жіберіліп, сол қалада 3D-басып шығару арқылы кобальт-хром қорытпасынан арнайы протез жасалған.


Осылайша, онкологиядағы алғашқы 3D операция биыл қыркүйек айында жасалды. Операция барысында пациенттің қыр-мықын сүйегінің қанаты, сондай-ақ ісіктен бүлінген жұмсақ тіндер алынып тасталды. 3 сағатқа жалғасқан операция кезінде компьютерлік және 3D-технологиялар қолданыла отырып, жеке мәліметтер бойынша арнайы жасалған жеке эндопротезбен жамбас сүйектері қайта қалпына келтірілді.



«Алматыдағы онкология институтына өз таңдауыммен келдім. 2018 жылдан бері осы дерт мазалап келеді. Мамандар гистологияға тексергеннен кейін операция жасатуға дайындап, бұл протез кез келген адамға қойыла бермейтінін және елімізде бірінші рет жасалатын күрделі операция екенін айтты. Әрине, уайым да болды, өзім де медицина саласында жүргендіктен, эмоциялық тұрғыда дайындалу, мүжілмеу қажет екенін іштей түйсіндім. Дәрігерлерге ризамын, олар отаның қандай әдіспен жасалатыны туралы өте жақсы түсіндірді. Әсіресе бөлім меңгерушісі Ғани Амангелдіұлы мен дәрігерім Жанат Өмірзаққызына алғыс айтамын. Елге жаны ашитын осындай мықты мамандар қатары көбейе берсе екен деп тілеймін. Олар осындай ерекше жағдайда маған мықты психологиялық көмек керек екенін де жақсы түсініп, үлкен қолдау көрсетті. Ең бастысы, дер кезінде емделгеніме қуанамын», - деді Нұрдәулет.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Операция #3D #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика