Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет толық роботтандырылған ота жаса...

Алматыда алғаш рет толық роботтандырылған ота жасалды

Медицина 24.10.2024, 14:40 1,456
Алматыда алғаш рет толық роботтандырылған ота жасалды
aqshamnews.kz

№4 қалалық клиникалық ауруханада халықаралық шеберлік сыныбы өтті, онда травматологтар мен ортопедтер толық автоматтандырылған ортопедиялық жүйемен ота жасау дағдыларын жетілдірді.

Бұл шеберлік сыныбы барысында тізе буынының патологиясы бар төрт науқасқа робот көмегімен эндопротездеу оталары жасалды. Робот жүйесі тізе буындарын стереотактикалық құрылғы ретінде қолданып, науқастардың МРТ және КТ суреттерін пайдалана отырып, хирургтарға ота алдындағы дайындықты жоспарлауға және операция барысында аналитикалық ақпарат беруге көмектесті.

Бөлімше меңгерушісі Манарбек Әубәкіров робот көмегімен алғашқы оталардың бірін сәтті жасады.

«Біз тізе буынының 3-4 дәрежелі деформациялық гонартрозымен 10 жылдан астам уақыт бойы ауырып жүрген науқасқа операция жасадық. 3 немесе 4 дәрежелі гонартрозды емдеудің ең тиімді жолы – хирургиялық араласу. Ота алдында тізе буынының компьютерлік томографиясы жасалып, оның деректері жүйеге жүктелді. Робот біз үшін деформацияны, имплант өлшемін есептеп, ота кезінде жүйе тапсырманы өз бетімен орындады. Робот миллиметрлік дәлдікпен оталық аймақты кесіп, адам факторын толығымен жойды. Бұл жоғары деңгейдегі мамандандырылған технология болғандықтан, науқас тезірек қалпына келеді, отадан кейінгі ауырсыну азайып, жарақат аз болады», – деді Манарбек Әубәкіров.

№4 қалалық клиникалық аурухана – жедел және жоспарлы хирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық көмектің толық циклімен қамтамасыз ететін мамандандырылған орталық. Қазіргі таңда ауруханада ревизиялық эндопротездеу бойынша шеберлік сыныбы да өтуде, онда жұқпалы асқынулар мәселелері талқылануда. Бұл аурухана ірі буындарды ауыстыру саласының флагманы болып табылады. Жыл сайын мұнда 2 мыңға жуық буын ауыстыру оталары жасалады.

Сондай-ақ, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен аурухананың жетекші дәрігерлері шеберлік сыныбының негізгі спикерлері болды.

Айта кету керек, бұған дейін Төртінші қалалық ауруханада жартылай автоматты жүйесі бар робот сынақтан өткен болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика