AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет сымсыз кардиостимулятор имплант...

Алматыда алғаш рет сымсыз кардиостимулятор имплантацияланды

Медицина 19.12.2024, 17:52 703 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматыда алғаш рет сымсыз кардиостимулятор имплантацияланды
aqshamnews.kz

Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет AVEIR™ VR сымсыз кардиостимуляторын имплантациялау бойынша бірегей ота жасалды. Қазақ аритмологтар қоғамының президенті, Астана қаласы ПІБ медициналық орталығы ауруханасының дәрігері, профессор Аян Абдрахмановтың қатысуымен өткен шеберлік сағатында бірнеше сәтті ота жасалды. Алматы қаласының №7 ҚКА-да AVEIR™ VR имплантациясы алғаш рет қолданылды. Бұған дейін мұндай жедел араласулар Астананың бірнеше мамандандырылған медициналық ұйымдарында ғана жүргізілген.

Жүрек ырғағының бұзылуы және айқын жүрек қақпақшаларының патологияларын емдеуде AVEIR™ VR имплантациялау әдісі жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр дерттерімен сырқаттанған пациенттерге заманауи инновациялық шешім ретінде қарастырылуда. Клиникада мамандардың біліктілігін арттыру жүйелі түрде жүргізіліп, үздік клиникалардың жетекші мамандарымен шеберлік сағаттары жиі өткізіледі. Осы шеберлік сағаттың арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа технология енгізілді.

Шеберлік сағат аясында №7 қалалық клиникалық аурухананың интервенциялық аритмологтары, хирургтері, кардиологтары және анестезиолог-реаниматологтары Аян Абдрахмановпен бірге үш бірегей ота жасады. Пациенттердің бірі 70 жастағы азамат, оның жүрек-қан тамырлары аурулары, жоғары қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруы, сондай-ақ бірнеше күрделі оталар жасалған жағдайы болды. Науқас жүрек соғу жиілігінің минутына 10 соққыға дейін төмендеуі салдарынан есінен танып, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Қажетті тексерулерден кейін, оған электроды жоқ электрокардиостимуляторды имплантациялау ұсынылды.

№7 ҚКА интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінің дәрігері Қанат Ергешов AVEIR™ VR кардиостимуляторын имплантациялау күрделі аритмия жағдайларын емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құрылғының артықшылығы – операцияның тіліксіз және жалпы анестезиясыз жүргізілуі, асқыну қаупінің төмендігі және пациенттің қысқа уақытта оңалуы.

AVEIR™ VR құрылғысының басқа да ерекшеліктеріне шағын өлшемдері, 20 жылға дейін ұзартылған батарея қызметі, жүрек қызметін қашықтан бақылау, температуралық негізде жиілікті бейімдеу, МРТ-ге төзімділігі және аз инвазивті имплантация жатады. Бұл технология, әсіресе, балаларға және дәстүрлі әдістер қолжетімсіз пациенттерге ерекше тиімді.

Барлық үш ота жоспарға сай сәтті өтті, шығындар әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылды. Пациенттер ауруханадан шығарылып, амбулаториялық бақылауда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);