Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет өздігінен ашылатын клапанның и...

Алматыда алғаш рет өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

Медицина 19.06.2025, 17:02 807
Алматыда алғаш рет  өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды
Сурет: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Қытай Халық Республикасының интервенциялық кардиология саласындағы танымал әлемдік сарапшылары – Сычуань университетінің Батыс Қытай ауруханасының кардиология бөлімінің директоры профессор Мао Ченнің және аурухананың бас дәрігері, туа біткен жүрек ақауларын интервенциялық емдеу жөніндегі жетекшісі Юань Фэннің қатысуымен қолқа стенозын емдеудің озық аз инвазивті технологиясы – қолқа қақпақпашасын транскатетерлік имплантациялау (TAVI) бойынша шеберлік сабағы өтті.

TAVI – ауыр қолқа стенозы және жоғары операциялық қаупі бар науқастар үшін ашық жүрек операциясына заманауи балама. Бұл әдіс биологиялық клапанды кеуде қуысын ашпай-ақ феморальды артерия арқылы жеткізуге мүмкіндік береді, ауруханаға жатқызу уақытын қысқартады және асқынулардың санын азайтады.

Шеберлік сабағы аясында Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өзі ашылатын клапанның алғашқы имплантациясы жасалды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, бұл жүйе бірегей клиникалық мүмкіндіктерді ұсынады: жоғары сапалы перикардиальды тіннен жасалған өздігінен ашылатын клапан пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне оңай бейімделеді, ал оны қайта орналастыру және алу мүмкіндігі орнатудың дәлдігін қамтамасыз етеді және тәуекелдерді азайтады. Технология жоғары гемодинамикалық тиімділікпен  сипатталады.

Екі күн ішінде 7 науқасқа операция жасалды. Бір мысал ретінде атап өтейік: 74 жастағы науқаста клиникаға түскен кезде бас айналу, бас ауруы, аяғы тоңу, жалпы әлсіздік, физикалық күш түскенде, 100-150 метр қашықтықта жүрсе ентігу сияқты шағымдары болды. Негізгі диагнозы: жүре пайда болған жүрек ақауы, қолқа қақпақшасының айқын стенозы, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі. Қосымша диагнозы: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, 2 типті қант диабеті. Операциядан кейін науқас өзін өте жақсы сезінеді. Жалпы, барлық операциялар сәтті өтті.

«Бұл шеберлік класы Қазақстанда емдеудің әлемдік стандарттарын енгізуге, отандық мамандардың құзыреттерін кеңейтуге және жүрек аурулары бар науқастарға көмек көрсетудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ете отырып, жоғары технологиялық кардиохирургияны дамытудағы маңызды кезең болды», – дейді институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#клапан #өздігінен ашылатын #имплантация #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Осы дұрыс": Министр 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады

Бүгін 10:46

Танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалды: полиция не дейді?

Бүгін 10:24

WorldSkills Almaty – 2026 қорытындыланды: 470-тен астам қатысушы және 57 құзырет

Бүгін 10:06

1 шілдеден бастап несие алу талаптары өзгереді

Бүгін 09:50

Қазақстан бадминтон Азия конференциясында екі беделді марапатқа ие болды

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика