AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет көз нұрлы қабығын алмастыру ота...

Алматыда алғаш рет көз нұрлы қабығын алмастыру отасы жасалды

Медицина 24.04.2025, 15:52 1,000 Bakyt
Алматыда алғаш рет көз нұрлы қабығын алмастыру отасы жасалды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет донорлық нұрлы қабықты алмастыру отасы жасалды. Бірегей офтальмологиялық отаны дәрігер Гүлзат Абдраимованың жетекшілігімен мамандар тобы жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

IV дәрежелі кератоконус диагнозы қойылған науқас жоғары технологиялық араласудың арқасында көздің көруін қалпына келтіруге мүмкіндік алды.

"Егер ота шұғыл жасалмаса, науқас көру қабілетін толық әрі тұрақты жоғалтар еді. Кератоконустың IV дәрежесінде нұрлы қабық жұқа және шығыңқы болады, көру қабілеті тез нашарлайды және хирургиялық араласусыз оны қайтару мүмкін емес", — деп түсіндірді дәрігер Гүлзат Абдраимова.

Ота сәтті өтті және науқас қалпына келіп жатыр. 

"Мен бұл әлемді көруді қайта үйреніп жатырмын. Тұманда ұзақ жылдар өмір сүргеннен кейін, қайта туғандаймын. Маған үміт пен жарық берген үшін дәрігерлерге рахмет", - деп ризашылығын білдірді науқас.

Енді көруді қалпына келтіру мүмкіндігі көптеген адам үшін мүмкін болады. 

Алматы ОҚКА бүгінде көзішілік линзаны имплантациялауды, витреоретиналды араласуды, реконструктивті хирургияны, глаукоманы, катарактаны емдеуді және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін басқа да араласуды қоса алғанда, жоғары технологиялық офтальмологиялық отаның барлық түрін жүргізеді.

Енді офтальмологтардың кәсіби біліктігінің арқасында науқастар кератопластикаға қол жеткізе алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);