AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда алғаш рет жүкті әйелге рентгенсіз жүрек о...

Алматыда алғаш рет жүкті әйелге рентгенсіз жүрек отасы жасалды

Барлығы 26.01.2026, 14:45 514
Алматыда алғаш рет жүкті әйелге рентгенсіз жүрек отасы жасалды
Алматы қалалық кардиологиялық орталығы

Алматыда алғаш рет жүкті әйелге жүрекке рентген сәулесін қолданбай эндоваскулярлық ота жасалды.

Бірегей отаны Қалалық кардиология орталығының дәрігерлері Астанадағы UMC жүрек орталығының мамандарымен бірлесіп өткізді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жүктіліктің 23-аптасында жүрген әйелге жасалған. Дәрігерлер туа біткен жүрек ақауын эхокардиографияның көмегімен, рентгенсіз және жергілікті жансыздандырумен емдеді. Бұл ана мен ұрыққа рентген сәулесінің әсерін толықтай болдырмады.

Науқас тұңғыш сәбиін күтіп жүрген және тіркелген емханасында кардиологтың тұрақты бақылауында болған. Алайда жүктілік мерзімі ұлғайған сайын жүрек-қан тамырларына түсетін жүктеменің артуына байланысты жағдайы нашарлап, ота қажет болған.

Операциялық бригаданың құрамында UMC жүрек орталығының интервенциялық кардиологы Ерік Отарбаев, сондай-ақ Қалалық кардиология орталығының мамандары — Оразбек Сахов пен Бауыржан Аипов болды.

— Операцияның басты ерекшелігі рентген сәулелерін қолданбай ультрадыбыстық бақылаумен араласу болды. Қалыпты тәжірибеде мұндай операциялар жүктілік кезінде ұрыққа ықтимал қауіп төндіретін рентгендік бақылаумен жасалады. Ультрадыбыстық навигацияны қолдану радиациялық жүктемені толығымен алып тастауға және ана үшін де, болашақ бала үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Ана мен ұрықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жүкті әйелге ота #рентгенсіз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:06

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгін 09:04

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Бүгін 08:45

Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Бүгін 05:00

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Кеше 20:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);