Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп келеді

Әлеумет Бүгін 14:18 40
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп келеді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар қолға алынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл 16 сәуірден бастап «Барыс-4» базарындағы көтерме сауда нарығында бағаға жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл жұмысқа Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тартылған.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты — баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Шекті сауда үстемесін (15%-дан аспайтын) сақтау және жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдалдық буындарды қысқарту мәселесіне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауда-саттыққа қатысушыларға заңнама талаптары, баға белгілеудің ашықтығы, сондай-ақ қолжетімді әрі дұрыс рәсімделген баға белгілерінің болуы қажеттігі түсіндіріліп келеді.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары қабылданады.

Мониторинг қорытындысы бойынша материалдар өңірлік комиссияда қаралады. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып отыр әрі жіті бақылауда. Оның нәтижесі қосымша хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтті

Бүгін 14:44

Алматыда Қарулы күштердің жөндеу мамандарының алғашқы легі оқуын аяқтады

Бүгін 14:15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

Бүгін 13:40

Алматыда «Әскер барысы - 2026» турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды

Бүгін 13:21

Тұран өркениетін зерттейтін халықаралық орталық ашылды

Бүгін 13:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика