AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда «Әлемнің сыйы – әйелге» атты концерті өте...

Алматыда «Әлемнің сыйы – әйелге» атты концерті өтеді

Не? Қайда? Қашан? 07.03.2025, 15:54 1,270
Алматыда «Әлемнің сыйы – әйелге» атты концерті өтеді
baq.kz

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған ауқымды іс-шаралар бағдарламасы дайын. Мереке қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, көрмелер, театр қойылымдары және шығармашылық кездесулерді тамашалай алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

6 наурыз күні сағат 11:00-де Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде «Алаш арыстары жұбайлары» атты танымдық дәріс өтеді. Іс-шараға Алаш арыстары ұрпақтары Айман Байсалова, Меруерт Бәкібайқызы, Жанара Сүлейманова, Жазира Арғын және зерттеуші ғалым қыздар Светлана Смағұлова, Бекзада Қожекеева, Гүлжаһан Орда, музей қызметкерлері, ЖОО студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Жиында алаш қайраткерлері жұбайларының рөлі мен олардың өмірлік серіктеріне ықпалы талқыланады. Конференцияда сирек тарихи мәліметтер мен жаңа зерттеулер ұсынылады.

6 наурызда сағат 15:00-де, Алматы музейінде «Дәстүр. Өнер. Әдемілік» атты көрме ашылады. Мұнда музей қорындағы дәстүрлі бас киімдер коллекциясы мен суретші Гүлнәр Табанованың жұмыстары қойылады.

7 наурызда сағат 18:30-да «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Анаға тағзым» атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада белгілі өнерпаздар Әсет Есжан, Шаттық Уатқан, Нұрболат Ұзақбай, Диас Мұратхан, Тілек Базаров және Нариман Әбдірахман өнер көрсетеді.

8 наурызда бірқатар мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Иірім» тобының «Әлемнің сыйы – әйелге» атты концерті өтеді. Қуыршақ театры «Мама для Мамонтенка» спектаклін қазақ тілінде сағат 14:00-де, орыс тілінде сағат 12:00-де сахналайды. Анасыз қалған мамонттың анасын табуға деген талпынысы туралы әсерлі оқиға балалар мен ересектердің жүрегін жылулыққа, жанашырлыққа бөлеп, армандарына ұмтылуға шақырады. 

Осы күні, сағат 19:00-де «Артишок» театрында «Самрұқ» би труппасы «Ауыл» қойылымын сахналайды. Іс-шара заманауи хореография фестивалі аясында өтеді.

Сонымен қатар, 7 және 8 наурызда Алматы халықаралық әуежайында Алматы қаласының тарихы музейі қорындағы дәстүрлі зергерлік бұйымдардың көшпелі көрмесі ұйымдастырылады.

Қаланың әртүрлі аудандарында да мерекелік іс-шаралар өтеді:

 - Наурызбай ауданында 6 наурызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла, 347/4) «Халықаралық әйелдер күні» атты концерттік бағдарлама өтеді;

-Алатау ауданында – 6 наурызда сағат 15:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Нұркент ш/а., 14а) концерт өтеді;

 - Түрксіб ауданында – 6 наурызда сағат 16:00-де, Оқушылар үйінде (Сейфуллин даңғылы, 13/1) мерекелік концерт өтеді;

-Медеу ауданында – 7 наурызда сағат 11:00-де, Жамбыл атындағы филармонияда (Төле би көшесі, 21, Қалдаяқов көшесі, 35 қиылысы) мерекелік концерт өтеді;

-Жетісу ауданында – 7 наурызда сағат 12:00-де, мәдениет үйінде (Есім хан көшесі, 127) мерекелік концерт өтеді.

Алматы қаласының комьюнити-орталықтарында да бірқатар іс-шара өтеді:

-Жетісу ауданының комьюнити-орталығында – 6 наурызда сағат 16:00-де қазақша әшекей бұйымдар жасау бойынша «Qyzdar-ai» атты шеберлік дәрісі өтеді;

-Алмалы ауданының комьюнити-орталығында – 6 наурызда сағат 19:00-де жастарға арналған квиз ұйымдастырылады;

-Жетісу ауданының комьюнити-орталығында – 7 наурызда сағат 15:00-де «Ананың бейнесі» атты фотокөрме мен қолданбалы өнер көрмесі өтеді;

-Бостандық ауданының комьюнити-орталығында – 7 наурызда сағат 18:00-де текстуралы картиналар жасау бойынша шеберлік дәрісі өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #8 наурыз #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28

Түрме - соңғы үкім емес

Бүгін 14:06

Адам өміріне араша болған

Бүгін 13:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика