Алматыда ALMATY CIRCUS FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі аяқталды.
Цирк манежінде Қытай, Жапония, Қазақстан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртістер өнер көрсетті.
Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы 54 жылдығын атап өтті. Өткен жылы, араға 35 жыл салып, цирк артистері Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шетелге гастрольдік сапарларын қайта бастады. Қытай мен Ресейдің үздік цирк мектептерінде біліктілігін арттырып, оқудан өтті, елден тыс жерлерде беделді конкурстар мен фестивальдарда марапаттарға ие болды. Енді екінші жыл қатарынан аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркі Халықаралық фестиваль өткізіп отыр.
«Біздің цирктің жарты ғасырдан астам тарихы бар және оның өз фестивалі болуы керек. Біз артистеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Алматы циркі халықаралық аренада белсенді жұмыс істеуде. Қазір әкімдік айрықша қолдау көрсетіп келеді, бұған біз өте қуаныштымыз. Біз үлкен жоспарларды жүзеге асыра отырып, мәдени туризмді дамытуға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Алматы тұрғындары мен қонақтары әлемнің үздік артистері ұсынған қойылымдарды өз көздерімен көруі тиіс», – деп атап өтті Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.
ALMATY CIRCUS FESTIVAL аясында эквилибристер, акробаттар, әуе гимнасттары, арқанмен жүрушілер мен жонглерлер өздерінің кәсібилігі мен шеберлігін көрсетуде. Көрермендерді таңқалдырып, ұмытылмас шоу ұсыну үшін артистер қауіпті, қызықты әрі күрделі трюктерді орындады. Қызықты фактілердің бірі: Қытайдан келген қатысушы Ван Манчэн өзімен бірге салмағы екі тоннаға жуық ауқымды реквизиттерді алып келген. Айта кетейік, фестивальде Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова «Жаңбырдағы ұшу» нөмірімен, сондай-ақ Нұрым Құленбаевтың жетекшілігімен жонглер-виртуоздар Қазақстан атынан өнер көрсетті.
Фестиваль 28 шілдеге дейін жалғасты, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматыда қалып, тамыз айының соңына дейін мегаполис тұрғындары мен қонақтарына фестиваль бағдарламасымен өнер көрсетеді. Қазақ мемлекеттік циркінің әрі ALMATY CIRCUS FESTIVAL қойылымдарының бас режиссері Марина Редько артистер нағыз шоу жасағанын айтты. Бағдарлама Қазақстан үшін сирек кездесетін жанрлармен қамтылған.
«Өткен жылы бірінші фестивальде тіспен трюк жасаған нөмірлер болды. Ал осы жылы артистер «аяқпен», өкшемен өте күрделі трюктар орындады. Қазір жазғы демалыс, осы уақытта балалар мен ересектер әлемнің үздік цирк артистері ұсынған қойылымдарды тамашалағанын қалаймын», – деп атап өтті Марина Редько.
Жарыс қорытындысы бойынша гран при «Үшінші дем» нөміріне берілді. Өзбекстандық даршылар Кристина Воробьёваның жетекшілігімен жеңімпаз атанды. Отандастарымыз да жүлдесіз қалмады «Жауында ұшу» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктерінде өнер көрсеткен Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова күміс жүлде иегері атанды. Бұл жұптың жетекшісі жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыров.
«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен өтетін фестиваль бағдарламасы 2024 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.
Билеттерді цирк кассасынан және Freedom Ticketon-нан сатып алуға болады.