Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда әлем және Азия чемпиондары әскери ант бер...

Алматыда әлем және Азия чемпиондары әскери ант берді

Спорт 18.06.2024, 18:07 774
Алматыда әлем және Азия чемпиондары әскери ант берді
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Грек-рим күресімен, бокспен, таэквондомен және биатлонмен айналысатын жиырма төрт жас спортшы Отан алдында адал болуға ант берді. 

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының құрамы 22 спорт шебері және 2 спорт шеберіне үміткермен толықты. Олардың арасында 3 әлем чемпионы, 2 әлем кубогы, 9 Азия және 16 Қазақстан чемпионы бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жасына қарамастан, әскерге шақырылушылардың айтарлықтай жетістіктері бар және өздері айналысатын спорт түрлерінен ел құрамасының сапында шығады. Бұл құрамда Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да бар.

Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, екі дүркін Азия чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Қазақстан барысы-2018» жеңімпазы Ержан Шынкеев және әскерге алынғандардың туған-туыстары қатысты.

Спорт ротасының сарбаздарын Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов құттықтады.

– Отанымыздың игілігі жолындағы қызметтерің жақындарың мақтана алатындай абыроймен өтуі керек. Спорттағы және өмірдегі барлық жеңістер елімізге, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне арналсын деген тілегім бар. Қорғаныс министрі армия спортын қашанда қолдайды. Әскердегі қызмет барысында сендерге жарыстарда жаттығуға және өнер көрсетуге барлық жағдай жасалатын болады, – деді полковник Арман Әбеуов.  

Ант қабылдау рәсіміне дейін спорт ротасының сарбаздары жас жауынгер курсын оқып үйренді. Олар қару-жарақпен және қарусыз бір орнында және қозғалыста саптық техниканы үйреніп, жалпыәскери жарғыларды, әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздерін меңгерді және атыс дайындығынан өтті.

– Спорттағы жеңістері мен рекордтарына қарай армия клубының тарихы бай екенін білеміз. Біз Орталық спорт клубының даңқын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мұндай спорт ротасында борышымызды өтеу біз үшін үлкен мәртебе, – деді грек-рим күресінен әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы. 

Кездесу соңында комитет төрағасы полковник Арман Әбеуов  сарбаздардың ата-аналарымен әңгімелесіп, олардың қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскери ант #әлем чемпиондары #Қазақстан чемпиондары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика