AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ ад...

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Заң мен тəртіп 28.04.2025, 17:48 623 dulatbekova
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды.

 Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеудің мәліметінше, күдіктілер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген. Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция бөлімшелерінің бірлесіп жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алты адам ұсталды. Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

— Мұндай қылмыспен күресу - біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Біз жәбірленушінің арызына жедел ден қойып, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырып, күдіктілерді ұстадық, - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алаяқтық #бір топ адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);