AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" тақырыбы...

Алматыда "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" тақырыбында сурет байқауы өтті

Мәдени Алматы 22.05.2025, 20:47 793 Сұлу
Алматыда "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" тақырыбында сурет байқауы өтті
aqshamnews.kz

22 мамырда Алматыдағы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда ерекше іс-шара өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Оқу-ағарту министрлігі мен Балалар құқығын қорғау комитетінің бастамасымен, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Қазақстан Балалары" тұжырымдамасы аясында 2-9 сынып оқушылары арасында "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" тақырыбында балалар сурет байқауы ұйымдастырылды.

Бұл байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отбасыға деген құрметті, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті және отбасылық құндылықтарды насихаттау болды.

Іс-шара барысында 300-ге жуық оқушы өз туындыларын ұсынып, олармен бірге ата-аналар мен ұстаздар да белсене атсалысты.

Балалардың салған суреттері көз қуантады: онда әкеге деген сенім, анаға деген махаббат, бауырмалдық пен мейірім, бірлік пен татулық сияқты отбасы ұғымының терең мәні көрініс тапты. 

Іс-шара ұстаздар мен ата-аналардың қолдауымен жылы атмосферада өтті. Балалар тек өз шығармашылық қабілеттерін емес, отбасыға деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін де қағаз бетіне түсіре алды.

Бұл байқау – болашақ ұрпақтың сана-сезіміне отбасы құндылықтарын сіңіруде маңызды қадам. Осындай іс-шаралар балалардың көркемдік қабілеттерін шыңдап қана қоймай, олардың рухани дамуына да үлкен әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #Балалар күні #шара #сурет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);