AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тіліні...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсы жарияланды

Алматы Кеше 12:31 10
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсы жарияланды

Конкурсқа барлық деңгейдегі қазақ тілі оқытушылары қатыса алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды.

Конкурс «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізіледі. Бүгінде мемлекеттік тілді меңгеруге деген сұраныс еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін артып отыр, сондықтан білікті оқытушы кадрларды қолдау, олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын шыңдау аса өзекті.

Конкурстың мақсаты – қазақ тілін оқытушылардың (мұғалімдердің) кәсіби біліктілігін арттыру, әдістемелік шеберлігін шыңдау, шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік жасау және үздік тәжірибені насихаттау.

Конкурсқа барлық деңгейдегі қазақ тілі оқытушылары қатыса алады: ересектерге тіл үйрететін мамандар, жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру ұйымдарының оқытушылары, орта және бастауыш мектеп мұғалімдері, сондай-ақ балабақша педагогтері.

Қатысушылар конкурсқа мынадай өнімдерін ұсына алады:

1. Авторлық оқу бағдарламалары – қазақ тілін оқытудағы өзіндік жүйе мен тың тәсілдер.

2. Әдістемелік кешендер – сабақ өткізуге арналған жүйелі оқу-әдістемелік материалдар.

3. Оқу құралдары және өзге де әдістемелік өнімдер – тіл үйренушілерге арналған басылымдар мен әзірлемелер.

Ұсынылған жұмыстарды белгілі педагогтер, әдіскер ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қазақ тілін оқытудың кәсіби білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Бас жүлде, бірінші, екінші және үшінші орын иегерлеріне тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Аталған іс-шара мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға, қазақ тілі оқытушыларының қоғамдық мәртебесі мен беделін арттыруға және қазақ тілін үйрету ісінің сапасын көтеруге бағытталған. Конкурс барысында оқытушылар әріптестерімен тәжірибе алмасып, түрлі әдістемелермен танысуға мүмкіндік алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 25 қарашасына дейін

Өтінім беру: https://forms.gle/kC2suLywtWL1Vxue7 сілтемесі бойынша Google форманы толтыру арқылы.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің өтетін күні: 2026 жылғы 9 желтоқсан.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, акт залы.

Электрондық пошта: kazqogam.competition@gmail.com

Байланыс телефоны: +7 701 664 2721.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін 19:38

Қазақстан Халық Кеңесі Павлодарда кәсіподақтармен кездесу өткізді

Бүгін 19:33

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Бүгін 19:15

Мақта, жылыжай, жергілікті өндіріске арналған өнеркәсіп паркі: Серік Жұманғарин Түркістан облысы өндірушілерінің жұмысымен танысты

Бүгін 17:45

«Заң мен тәртіп»: Алматы колледждерінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);