AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Әділ Шаяхметов атындағы ғарыштық байланыс...

Алматыда Әділ Шаяхметов атындағы ғарыштық байланыс зертханасы ашылады

Барлығы 22.01.2026, 17:36 333
Алматыда Әділ Шаяхметов атындағы ғарыштық байланыс зертханасы ашылады
Сурет: ашық дереккөз

2026 жылы 23 қаңтарда Алматы қаласында Satbayev University базасында генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов атындағы Ғарыштық байланыс зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Іс-шара университеттің «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасында ұйымдастырылады.

Зертхананың ашылуы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асып, мегаполистің инженерлік және ғылыми әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Жаңа зертхана университеттің тарихи Тау-кен металлургия корпусы ғимаратында орналасқан және спутниктік технологиялар, навигациялық жүйелер мен Жерді қашықтан зондтау саласы бойынша маман даярлауға бағытталған. Зертхана заманауи VSAT спутниктік антенналық жүйесімен, жоғары жылдамдықты дерек алмасуға арналған HT2300 модемімен, сондай-ақ MATLAB және ArcGIS Pro бағдарламалық кешендерімен жабдықталған. Бұл студенттер мен жас зерттеушілерге байланыс жүйелерін модельдеуге және спутниктік дерекпен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Зертхана Satbayev University-дің 1978 жылғы түлегі, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметовтің құрметіне аталды және 2024-2029 жылдарға арналған инженерлік білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік тұжырымдама аясында жүзеге асырылды. Жоба нақты экономика секторында сұранысқа ие жоғары білікті инженерлік мамандар даярлауға және жоғары білім берудегі тәжірибелік бағытты күшейтуге бағытталған.

Ашылу рәсіміне Satbayev University басшылығы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, «Халық Қаһарманы» атағының иегері, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, ҚР ҰҒА академигі Баян Рақышев, сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері, салалық сарапшылар мен құрметті қонақтар қатыспақ.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика