AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Адам. Дәуір. Уақыт» атты көрме ашылды

Алматыда «Адам. Дәуір. Уақыт» атты көрме ашылды

Әлеумет 11.11.2022, 14:00 1,343 Almaty-akshamy
Алматыда «Адам. Дәуір. Уақыт» атты көрме ашылды
Сурет: Ашық дереккөз

Таңсық портреттер галереясы жыл сайын жаңа бейнелермен толықтырылуда


Бүгін ҚР  Ұлттық кітапханасының 1-қабаттағы фойесінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, заманауи суретші Таңсық Мәжитованың «Адам. Дәуір. Уақыт» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көрнекті прозашы Асқаров Әлібек Асылбайұлы ашып, Смағұл Елубай, Қали Сәрсенбай, Арман Халбеков лента қию рәсіміне қатысты.  


Тансық Мәжитова ─ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Адам мен қоғамның өзара іс-қимылын бейнелейтін қызықты заманауи суретші. Жиырма жылдан астам «Адам. Дәуір. Уақыт» атты жобамен айналысады. Осы жоба елдің саяси, экономикалық, рухани өмірінің маңызды жақтарын ашады. Суретші Қазақстанның көрнекті саяси қайраткерлерінің, жазушыларының, медицина, ғылым, мәдениет және спорт өкілдерінің портреттік галереясын жасайды. Олардың ішінде: Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, Г.Бельгер, Д.Исабеков, О.Сүлейменов, Б.Аюханов, Т.Әубәкіров, Ж.Үшкемпіров, Ж.Мәлібеков, Ю.Пя, Е.Хасанғалиев, А.Әшімов сияқты тұлғалар бар... Шебердің алдына қойған міндеті – жеке тұлғаның ішкі әлемін жеткізу, іргелі сипаттарға баса назар аудару.



Осы жоба аясындағы алғашқы көрме 2011 жылы Елордада өтті. Таңсық портреттер галереясы жыл сайын жаңа бейнелермен толықтырылуда. 10 жылдан кейін, 2021 жылы Астанада, содан кейін Қарағандыда 50-ге жуық портрет көрсетілді.


Бұл жоба идеясының авторы: өнертанушы Иванина Наталья Ивановна. Ол Тансықтың психологиялық портреттің шебері ретіндегі талантын көріп, замандас бейнесінің тамаша галереясын жасауға итермелеген. Ал жобаның өзгермейтін кураторы: жазушы, полиграфист Асқаров Әлібек Асылбайұлы суретшінің ерекше дарынын толық ашуға мүмкіндік берді.


Адамның рухани болмысына ене білуі - Таңсық талантының маңызды қыры.


«Адам. Дәуір. Уақыт» жобасы осы мыңжылдық басындағы Қазақстанның өлшеусіз рухани байлығы, болашаққа ұмтылған психологиялық портретіне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#суретші #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);