конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда адам ағзасын сатумен айналысқан ер адам с...

Алматыда адам ағзасын сатумен айналысқан ер адам сотталды

Әлеумет 28.02.2025, 10:56 1,008 dulatbekova
Алматыда адам ағзасын сатумен айналысқан ер адам сотталды
Сурет: Astanatv.kz

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты адам ағзаларын заңсыз сатып алу және сату ісімен айналысқан азаматқа үкім шығарды.

2023 жылдың күзінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері елдің бірнеше өңірінде арнайы жедел тергеу жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Нәтижесінде, қара нарықта адам ағзаларын сатумен айналысқан топ ұсталды. Олардың арасында донор іздеушілер ғана емес, медицина қызметкерлері мен нотариустар да болған. Алайда ұсталған күдіктілердің ішінде тек екі адам ғана сотқа тартылып, олар шартты жазаға кесілді.

Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан Ислам Ұзақбай 2021 жылы Түркияда бүйрек трансплантациясын жасатқан. Алматыдағы медициналық орталықта ем қабылдап жүрген кезде, ол науқастарға донор тауып беру арқылы ақша табуға болатындығын ойлаған. Бұл істі жалғыз өзі жүзеге асыра алмайтынын түсінген соң, тергеуде анықталмаған "Айман" есімді адаммен байланысқа шыққан.

Ұзақбай гемодиализ кезінде бүйрек трансплантациясына мұқтаж науқаспен танысып, оған донор табуға көмектесетінін айтып, 10 миллион теңге талап еткен. Бастапқыда жігіт бұл ұсынысты қабылдамағанымен, Ұзақбай оған жиі хабарласып, сеніміне кірген. Науқастың жағдайы нашарлаған соң, оның туыстары трансплантация жасауға келісім береді. Ұзақбай операцияны ресми түрде квота арқылы жасауға уәде беріп, 10 миллион теңге сұратқан.

Осы уақытта "Айман" есімді әйел интернет арқылы Астанада бүйрегін 8 миллион теңгеге сатуға келіскен адамды тапқан. Ол донорға Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында операция жасатуға уәде берген. Тексеруден кейін операция сәтті өткен, алайда Ұзақбай науқастан донорға тағы 10 миллион теңге төлеуді талап еткен. Осылайша, алғашқы клиент жалпы 20 миллион теңге төлеген.

Бұл істің тиімді екенін түсінген Ұзақбай тағы бір науқас пен донор тауып, Ұлттық ғылыми хирургия орталығында операция жасатуды жоспарлап жатқанда ұсталған. Сот шешімі бойынша, ол 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бүйрегін сатпақ болған донор да кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты жазаға кесілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағза сату #заңсыздық #соттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Бүгін 19:01

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

Бүгін 15:41

Бірінші топтағы мүгедектігі барлар арнайы орын билетін онлайн сатып ала алады

Бүгін 15:23

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Бүгін 14:57

Қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған ақылы тестілеу басталады

Бүгін 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);