Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Абай мерейтойына орай ауқымды сенбілік ұй...

Алматыда Абай мерейтойына орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Барлығы 26.07.2025, 12:41 555
Алматыда Абай мерейтойына орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды
сурет: aqshamnews.kz

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда бүгін ерекше таң атты. Таңғы сағат 9-дан бастап Абай алаңы маңында жүздеген адам бас қосып, қаланың басты көшелерінің бірі — Абай даңғылы бойында үлкен сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. Абай даңғылының бойы – Алматының жүрегі. Бес ауданды қиып өтетін ұзындығы 15 шақырымдық даңғыл бүгін ерекше түрге енді. ПИК, МИБ, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар бірігіп, қоқыс жинап, айналаны ретке келтірді. Сенбілік барысында алаңда түрлі әндер шырқалып, қатысушылар бірге ән айтып, ерекше рухани бірлік сезімін бастан кешті.

Шараның маңызына тоқталған Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев:
– Бүгін біз барлық мекемелер мен ұйымдарды жұмылдырып, Абай алаңына жиналдық. Мұнда мәдениет саласының қызметкерлері мен әртістер ғана емес, түрлі сала мамандары да бар. Біз тек осы жерде ғана емес, Абай даңғылы бойымен Абылай хан көшесіне дейін тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жасыл аймақты абаттандырып, қоқысты жинаудамыз. Бұл акцияның бір реттік шара болып қалуын қаламаймын. Осындай игі бастамалар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деймін. Біздің басқарма «Таза Қазақстан» бағдарламасының мәнін жақсы түсінеді және әрдайым белсене атсалысып келеді. Біз әдетте тек сенбілік күндері ғана тазалық жасайтынбыз. Ал шын мәнінде біздің қарамағымыздағы музейлер мен мәдени мекемелер күнделікті негізде тазалықпен айналысып келеді. Қуантатыны – мұндай іс-шараға тек мәдениет саласының қызметкерлері ғана емес, қала тұрғындары да белсенді қатысып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат осыған жауапкершілікпен қарап, тазалықты өзінен бастауы тиіс.


 Абайдың 180 жылдығына орай біз осы маңды ерекше атап өткіміз келді, сондықтан сенбілікті дәл осы жерден бастауды жөн көрдік. Алдағы уақытта тек сенбілік емес, мерекелік іс-шаралар да ұйымдастырылатын болады. Жыл соңына дейін 117 шара өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Бұл жолғы сенбіліктің ерекшелігі – тек тазалық жұмыстары ғана емес, мәдениет пен өнердің тоғысуы болды. Танымал әншілер, мен қоғам белсенділері де қолына сыпырғыш алып, қатарымызда жүрді.

Ерболат Төлеген сенбілікке деген көзқарасын былай білдірді:
– Әр сенбі сайын болатын «Таза Қазақстан» акциясын біз қолдаймыз. Бүгінгі сенбілікті Абай даңғылынан бастап отырмыз. Менің өнерде жүрген әріптестерім де осында. Балаларыма да үнемі сенбілікке қатысудың маңызын айтып отырамын. Өткен сенбіде үлкен ұлыммен бірге қатыстым, бірақ бүгін оқуына байланысты келе алмады, – деді ол.

Ал халық сүйіктісі Асхат Тарғын тазалық пен өнерді ұштастырып, ерекше көңіл күй сыйлады:
– Қаланы таза ұстау – өзіміздің қолымызда. Бүгін тек өнер иелері ғана емес, қарапайым тұрғындар мен түрлі мекемелердің өкілдері де атсалысып жатыр. Біз халықпен бірге тазалық жасап қана қоймай, сүйікті әндерімізді орындап, көңіл күй сыйлаймыз, – деді әнші.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23

Алматы қаласының Ботаникалық бағында танымдық эко-тренинг өтті

Бүгін 17:18

Мобильді аударымдар тексеріледі: нені білу керек?

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика