AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Абай даңғылында қозғалыс уақытша шектелед...

Алматыда Абай даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Не? Қайда? Қашан? 20.05.2025, 10:58 762 Bakyt
Алматыда Абай даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атап айтқанда, асфальтобетон жамылғысының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты 20 мамыр күні сағат 23:00-ден бастап 23 мамыр күні сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылының Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейінгі бөлігі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Аумақты Алатау көшесі арқылы солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.

Сонымен қатар, 22 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 16:00-ге дейін Қ.Медеубеков көшесі (Карьерная көшесі) қиылысындағы қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл учаскені оңтүстік жақтан У.Қараманов, Грушовая, Виноградов көшелері арқылы, сондай-ақ, Строительная көшесімен солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады. 

Естеріңізе сала кетейік, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жобасы осы жылы толық ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 600 метрлік соңғы бөлік бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы – 5,3 км.

Айта кетейік, қозғалысты шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сонымен бірге 2GIS және «Яндекс.Карталар» сервистерінде жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);