AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері...

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Алматы құшағында 23.03.2026, 20:15 254 dulatbekova
Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Алматыдағы Абай алаңында түркі әлемі халықтарының ауқымды көрме-жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына түркі халықтарының бай мәдени мұрасы мен дәстүрлі қолөнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрме-жәрмеңкеге Түркия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген шеберлер қатысып, бірегей қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы заттар мен әр халықтың өзіндік ерекшелігін көрсететін өнер туындыларын көрсетті.

Көрме барысында келушілер керамика бұйымдарын, кесте, құрақ көрпе, киіз және тоқыма өнімдерін, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, зергерлік әшекейлерді, ұлттық киімдерді және түрлі кәдесыйларды тамашалады. Әрбір туындыда халықтың тарихы, дүниетанымы, дәстүрі мен эстетикалық құндылықтары көрініс тапқан.

Іс-шара аясында шеберлерге Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиевтің және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

«Бұл көрме-жәрмеңке – түркі халықтарының ортақ мәдени кеңістігін нығайтатын маңызды алаң. Мұнда ұсынылған әрбір жәдігер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Осындай іс-шаралар арқылы біз мәдени байланыстарды дамытып, ұлттық құндылықтарды насихаттаймыз», - деді Qazaq-Oner ұлттық қауымдастығының президенті Айгүл Жансерікова.

«Алматы – түркі әлемінің мәдени байланыстарын дамытатын ірі орталықтардың бірі. Бүгінгі көрме бауырлас халықтардың рухани жақындығы мен өнер бірлігінің жарқын көрінісі», - деді Өзбекстан Республикасынан келген дәстүрлі керамика шебері Әлішер Назиров.

Бұл ауқымды мәдени іс-шара Наурыз мерекесіне ерекше сән беріп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көрме-жәрмеңке түркі халықтарының ортақ мұрасын насихаттауға және мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қолөнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);