Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматыда «911»-дің аналогы бойынша Бірыңғай қызмет...

Алматыда «911»-дің аналогы бойынша Бірыңғай қызмет құрылады

Хабарлама 20.01.2022, 12:44 4,529
Алматыда «911»-дің аналогы бойынша Бірыңғай қызмет құрылады
Сурет: Simferopol.reklama-crimea.com

Жаңа байланыс


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қауіпсіздік пен байланыс инфрақұрылымын күшейту жұмыстары туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Соңғы оқиғалар қаладағы бейнебақылау аймағын ұлғайту бойынша жұмысымыздың дұрыстығын көрсетті. 2021 жылы 1 мыңнан астам камера, жол қауіпсіздігі үшін 2258 «Сергек» камерасы іске қосылды. Мектептерден 2620 камера және 4 мыңнан астам аула камерасы полицияның Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылды», - деді Бақытжан Сағынтаев.



Екі жыл ішінде полиция департаментінің ЖБО-ға қосылған камералар саны 4 есе өскен. Биыл Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу және Медеу аудандарындағы көпшілік жиналатын жерлерде 3,5 мың камера қосылды, ал шалғай аудандарда 200-ге жуық «Сергек» кешені орнатылды.


Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өрт қауіпсіздігін арттыру үшін аз жабдықталған аудандарда жаңа деполарды жобалау мен салу жұмыстары басталмақ. Қазіргі уақытта Аюсай және Ақсай өзендерінің шатқалдарында сел ұстайтын екі бөгет салынуда. Жер сілкінісі қаупін алдын ала ескерту үшін 11 сейсмикалық станция мен 2 талдау пункті орнатылады.



«Тұрғындар төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білуі керек. Сондықтан жақын арада бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі ашылады. Ол - «911»-дің аналогы. Қазір жабдықтарды жөндеу және қызметкерлерді оқыту жүріп жатыр», - деп атап өтті әкім.



Сондай-ақ, қалада интернет пен мобильді байланыс мәселесін шешу үшін инвесторлар тартылған. Осының арқасында 500 км магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілері салынды, 1,8 мың км клиенттік кабель төселді.


"Нұршашқан", "Әлмерек", "Қайрат", "Достық", "Алтын бесік", "Тастыбұлақ", "Тау самалы", "Ақжар", "Қалқаман-2", "Шұғыла", "Алғабас", "Теректі" ықшамаудандарына интернетке қосылу мүмкіндігі туды.


Биыл талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы жалғасады, оған 20 мыңнан астам абонент қосылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бойынша #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика