Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда 9000 адам қатысқан ірі әлеуметтік жоба өт...

Алматыда 9000 адам қатысқан ірі әлеуметтік жоба өтті

Мәдени Алматы 05.05.2025, 12:53 767
Алматыда 9000 адам қатысқан ірі әлеуметтік жоба өтті
Алматы қаласы Білім басқармасы

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған  «Батырлар сөйлейді…» атты ауқымды әлеуметтік жобаның финалы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала мектептерінің 9000-ға жуық оқушысы, педагогтері мен ата-аналар қауымдастығы атсалысқан бұл бастама - жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Жобаны Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Қалалық  білім берудегі жаңа  технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Мектепішілік, аудандық және қалалық үш кезеңнен тұрған «Батырлар сөйлейді…» жобасының қорытынды кезеңіне мегаполистегі 216 мектептен іріктеліп шыққан үздік командалар қатысты.

Финалда оқушылар соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қаһармандар - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіров, Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов және басқа да батырлардың бейнесін сахнада көркем түрде сомдады. Театрландырылған қойылымдар, әдеби-музыкалық композициялар мен майдан әндері арқылы олар батырлардың рухын тірілткендей әсер қалдырды. Заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен батырлардың дауысы мен бейнесі қайта жаңғырып, жас ұрпаққа үн қатты.

Қалалық әдістемелік орталық директоры Даурен Сағынғалиевтің айтуынша, бұл жоба - Алматы білім жүйесіндегі ең ауқымды әрі мазмұны терең шаралардың бірі.

– Ұлы Жеңістің қаһармандары — өткеннің ғана емес, бүгін мен болашақтың да рухани темірқазығы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – тарихымыздағы ерлік пен елдік үлгілерін бүгінгі жас буынның санасына сіңіру, – деді ол.

Жоба аясында қала мектептерінде 2500-ден астам патриоттық бағыттағы іс-шаралар өтті. Ал әлеуметтік желілерде 600-ден астам бейнеролик пен 3000-нан астам материал жарияланып, қоғамда кең қолдау мен терең әсер тудырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алматы қаласы Білім басқармасы #батырлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген қонжықтар дүниеге келді

Бүгін 16:42

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүріліп жатыр

Бүгін 16:39

Дәрігерлер баланы аман алып қалды: екі жастағы сәби қайшыға құлап, басына өткір зат кіріп кеткен

Бүгін 16:36

Алматылық жастар әскерде десант-шабуылдаушы болады

Бүгін 16:33

Алматыда инновациялық орталық салуға жер мемлекет мұқтажы үшін алынады

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика