AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда 9, 10 және 11 мамыр күндері Жеңіс күніне...

Алматыда 9, 10 және 11 мамыр күндері Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Не? Қайда? Қашан? 08.05.2025, 17:53 914 Bakyt
Алматыда 9, 10 және 11 мамыр күндері Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

9 мамыр күні 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды концерттік бағдарлама өтеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Саябақтаі сағат 9:30-да Қанат Ахметов жетекшілік ететін Мемлекеттік үрмелі оркестрдің қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі басталады. Ардагерлерге дала асханасынан тағам ұсынылады, сондай-ақ, олар үшін арнайы шатырда жеке концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Саябақта алматылықтар мен қала қонақтарына арнап сағат 09:45-тен 21:00-ге дейін басты сахнада музыка үзіліссіз шырқалады – мерекелік концерттер күн бойы жалғасады.

Күндізгі бағдарлама Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің «AlJazz Symphony»-нің маэстро Александр Беляков басқарған салтанатты өнер көрсетуімен басталады. Оркестрдің сүйемелдеуімен «Синий платочек», «Темная ночь», «Эх, дороги», «Журавли», «Нам нужна одна победа», «День Победы», «Жеңіс күні», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Кестелі орамал», «Әлия» және т.б. соғыс жылдарындағы танымал шығармалар мен патриоттық әндер шырқалады.

Бағдарламаға Қазақстанның танымал әншілері: Төлеген Рахымбаев, Венера Алпысбаева, Олег Татамиров, Алексей Тимофеев, Толқын Забирова, Береке Еңкебаева, Бақтияр Тайлақбаев, Игорь Благодарный, Мақсат Саматов, сондай-ақ, Art Classic, Il Canto, La Bella вокалды ансамбльдері және басқалар қатысады.

Музыкалық эстафетаны «Қасымның әндері-ай» концерті, Қазақстанның халық артисі Талғат Күзембаев пен «Генерал» тобының жеке концерттері жалғастырады.

Сағат 19:00-де Көктөбе телемұнарасында Ұлы Отан соғысының атақты қазақстандық батырларының есімдері жазылған мультимедиялық Жеңіс күніне арналған құттықтау басталады – бұл Ұлы Жеңіс тарихына есімдері алтын әріптермен жазылған қаһармандарға тағзым ету.

Сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін көрермендерді қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерт күтеді. Il Canto және La Bella квартеттері «Смуглянка» мен «Катюша» әндерін орындайды, Аркаим дуэті, «Алатау серілері» және «Жұмыр қылыш» ансамбльдері ұлттық әуен шырқайды. Сай Махамбет, Ержан Максим, Нұржан Керменбаев, Жұбаныш Жексенұлы және басқа да әншілер жеке орындауларын ұсынады. Кешті «КешYOU», JasStars, «Алдаспан» және «Жігіттер» топтарының өнері түйіндейді.

Жеңіс әндері 10 және 11 мамыр күндері де 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ашық аспан астында шырқала береді.

10 мамыр күні сағат 11:00-ден 15:00-ке дейін Даңқ ескерткішінің жанындағы сахнада «Сазген сазы» ансамблі ұлттық күйлермен, «Арқайым» этно-тобы, «МузАрт Life» ұжымы, «Жеті ғажайып» театры, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Ғарифа Игісінова, Еркеш Хасенов, Қазыбек Әдікей, Ақылбек Жеменей, Өктем Алтаев, Дәлел Уәшев және Индира Елемес өнер көрсетеді. 

11 мамыр күні сағат 12:00-де «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты концертпен мерекелік бағдарлама жалғасады. Сахнаға халық аспаптар ансамблі «Сазген сазы», сондай-ақ, Саят Нұрғазин, Бауыржан Мусин және Жеңіс Ержанов шығады. Сағат 13:00-де «Асыл» тобы өнер көрсетеді, ал «Алматы әуендері» артистері Талғат Күзембаев, Дәурен Байборы, Эрик Төленов, Тахмина Әшімбекова және Қазыбек Әдікеймен дуэтте соңғы болып өнер көрсетеді.

Баршаңызды отбасымен бірге келіп, батыр бабаларымызды еске алып, Жеңіс әндерін тыңдап, алғыс пен мақтаныш рухында уақыт өткізуге шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жеңіс күні #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);