Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда 7 000 төсек-орындық 23 ковидтік клиника д...

Алматыда 7 000 төсек-орындық 23 ковидтік клиника дайындалды

Медицина 08.07.2022, 05:56 2,148
Алматыда 7 000 төсек-орындық 23 ковидтік клиника дайындалды
Сурет: Mos.ru

КВИ-дың таралу қарқыны бойынша қала «сары» аймақта тұр. 


Алматыда вице-премьер Ералы Тоғжанов COVID-19-дың қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Алматы қаласы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, 7 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда КВИ жұқтырудың 239 841 жағдайы тіркелді. Стационарларда 87 пациент емделуде, оның 2-і реанимация бөлімінде. Амбулаториялық бақылауда 834 адам бар. 



Алматы қаласының бас сандәрігері Қасымхан Алпысбайұлы КВИ-дың таралу қарқыны бойынша қала «сары» аймақта тұрғанын жеткізді. Оның айтуынша, көктемнің басы мен орта шегінде ауру көрсеткіштерінің төмендеуінен кейін қайта жоғарылау тенденциясы байқалуда. Осылайша, ауруға шалдығу деректерінің өсуі 0,2% - ке дейін өсті, таралу коэффициенті 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан. 



Инфекцияның өсу себептері мен көздері - қоғамдық орындарға бару, үй ошақтарындағы, қалалық көліктегі, жұмыс орнындағы байланыстар, сондай-ақ вакцинация мен ревакцинация қарқынының төмендеуі болып отыр. 


Тұрғындар арасында індетке шалдығу деректерін азайту мақсатында қала әкімдігі вакцинация мен ревакцинация, науқастарды оқшаулау барысын бақылау, негізгі алдын алу ережелерін сақтау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдады. 


Сонымен қатар пандемияның жаңа толқынына Алматыда барлығы 7 000 төсек-орындық, оның ішінде 250 реанимациялық орындық 23 ковидтік клиника дайындалды. 


Медициналық қоғамдастық өкілдерімен кеңес барысында КВИ-дің алдын алу мәселелері қаралды. 


Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсу жағдайларына, сондай-ақ МСАК жұмысын үйлестірудің, вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастырудың маңыздылығына, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясы аурушаңдығының кезекті ықтимал өршуіне дайындық деңгейіне назар аударды. 



«Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бірлесіп талдап, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 



Кеңес соңында вице-премьер қала басшылығына COVID-19-ға қарсы иммундау науқанын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #коронавирус #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика