AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 600-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызм...

Алматыда 600-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді

Барлығы 14.07.2025, 09:13 625
Алматыда 600-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді
Сурет: aqshamnews.kz

Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған 600-ден аса мерзімді әскери қызметшінің Ант қабылдау рәсімі өтті.

Жас сарбаздар Қарулы Күштердің қатарына қабылдана отырып, Отан алдындағы парызын адал атқаруға салтанатты түрде серт берді. Әскери ант әр сарбаздың жеке қол қоюы арқылы рәсімделіп, олардың әскери борышына деген жауапкершілігін айқындай түсті.

Ұлттық ұланның дәстүріне сай өткізілген рәсімге әскери бөлімнің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары, “Сарбаз аналары” комитетінің өкілдері, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараға келген ата-аналар да ерекше әсерімен бөлісті. Солардың бірі Маңғыстау облысынан келген Перизат Шекербекова: «Ұлымның бүгін Отанға адал қызмет етуге ант бергенін көріп, жүрегім толқыды. Баламның ер жетіп, елге қорған болатын азамат болғанына мақтанамын. Бәрі аман болсын, ел тыныш болсын», — деді.

Салтанатты рәсімнен кейін ант қабылдаған жас сарбаздар да ойын ортаға салды.

Солардың бірі қатардағы жауынгер Еркебұлан Келдібаев:

«Әскери форма киіп, Отан алдында ант беру — әрбір жігіттің өміріндегі ең жауапты күндердің бірі деп ойлаймын. Енді бізге артылған сенімді ақтап, ел тыныштығын қорғау үшін аянбай қызмет етеміз», — деді.

Ант қабылдаған соң, жас сарбаздар екі апта бойы жауынгерлік қызметке бейімделіп, Алматы қаласының тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді меңгереді. Алғашқы он күнде олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың қыр-сырын теориялық түрде оқып-үйреніп, кейін тәжірибелік машықтан өтеді. Арнайы сынақтан сүрінбей өткен сарбаздар жауынгерлік қызметті дербес атқаруға жіберіледі.

Айта кетейік, 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұлан бүгінде қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен терроризмге қарсы күрес, мемлекеттік маңызды нысандарды және түзеу мекемелерін күзету, сотталғандарды айдауылдау сияқты маңызды міндеттерді абыроймен орындап келеді.

Іс-шара соңында мыңға жуық әскерилер мен әскери оркестр Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнап, «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындап, Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөліміне челлендж жолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарбаздар #ант #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика