AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда 5 мың оқ-дәрі тәркіленді

Алматыда 5 мың оқ-дәрі тәркіленді

Оқиға 21.02.2022, 09:38 1,607
Алматыда 5 мың оқ-дәрі тәркіленді
Сурет: Kz.oqu.news

Оған қоса винтовка мен пневматикалық тапанша да бар.


Алматыда 5 мың оқ-дәрі мен танкіге қарсы жауынгерлік снарядтар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Tengrinews.kz хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты.


Бүгінгі таңда 1 006 дана қару мен 20 307 оқ-дәрі тәркіленген.



«Мәселен, жедел іс-шаралар барысында Алматының "Шаңырақ-2" ықшамауданында екі адам ұсталып, олардан тапаншаның (2880 дана) және автоматтың (2160 дана) 5 мың патроны бар мырыш жәшіктері, қорғаныш кеудешелер, қалқандар мен тізеқаптар сияқты құралдар, 2 танкіге қарсы жауынгерлік снаряд, тегіс ұңғылы мылтық, 7 пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуінің оптикалық көздеуіші бар және пневматикалық тапанша тәркіленді», - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.



Әділов қару-жарақ дүкендері қалай тоналғанын да айтты.



«Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бір топ күдікті «Оружейник» аңшылық дүкеніне жеңіл автокөлікпен келіп, есігін бұзып, 15 тегіс ұңғылы мылтық пен 4 ойық карабинді, оның ішінде оптикалық көздеуіші бар карабинді ұрлап кеткен. Ұрланған қару Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында арнайы жабдықталған жерде заңсыз сақталған. Сондай-ақ, Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың бірі ұсталды, ол түнде белгісіз үш адаммен бірге екі жеңіл көлікпен «Камерат» дүкеніне барып, қару-жарақ ұрлап кеткен», - деді ол.



Оның айтуынша, ұрланған заттардың бір бөлігі, оның ішінде оқ-дәрілері бар 8 тегіс ұңғылы мылтық тұрғын үйдің шатырынан табылып, тәркіленген. Тағы бір жерден полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде пайдаланылған заттарды - оқ-дәрілері бар сигнал револьверін, жанғыш қоспасы бар 4 шыны бөтелкені, газ маскасын және полиция қызметкерлерінің 6 арнайы құралын тапқан.


Қылмыскерлер ұрланған қаруды сатпақ болғаны да анықталды.



«18 ақпанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел іс-шаралар өткізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған Калашников автоматын сатып жатқан жерінен Тараздың 45 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктіден жеке тінту кезінде қару сатудан түскен 300 мың теңге, ал көлік салонынан оқ-дәрісі бар екі Калашников автоматы тәркіленді», - деді Әділов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қару #тапанша #винтовка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:31

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);