AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 30 млн жымқырған мектеп бухгалтері ұсталд...

Алматыда 30 млн жымқырған мектеп бухгалтері ұсталды

Заң мен тəртіп 07.08.2024, 18:10 886 yakiya
Алматыда 30 млн жымқырған мектеп бухгалтері ұсталды
Сурет: Astanatv.kz

Оны Алматының білім басқармасы Антикорға ұстап берген.

Алматы қаласының білім басқармасы мектептерінің бірінде ақша ұрланғанын анықтап, тиісті материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне тапсырды, деп хабарлады aqshamnews.kz

«Мониторинг нәтижелері бойынша Алматы қаласының білім басқармасы ағымдағы жылдың наурыз айында «№5 мектеп гимназиясы» КММ-нің 11 қызметкерінің банктік карточкалық шоттарына 2023 жылдың сәуірі мен ақпан айы аралығында жалпы сомасы 34 271 330 теңгеге артық белгіленген жалақы нормасын есептеу және аудару заңнамасының нормаларын бұзу фактісін анықтады. Материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне берілді», - деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы.

Берілген материалдар негізінде ҚР ҚК 189-бабы бойынша мектептің бас бухгалтері А.И. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотта мектептің бас бухгалтері «№5 мектеп-гимназия» КММ-де нақты жұмыс істемейтін тұлғалардың карточкалық банктік шоттарына еңбек келісімдерімен белгіленген үстемеақыларды және жалақы ретінде бюджет қаражатын заңсыз есептеу және аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісін толық растаған.

Сотқа дейінгі және сот тергеуі барысында сотталушы мүліктік залалды толық көлемде – 38 060 353 теңгеге өз еркімен өтеген. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Әуезов аудандық сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі үкімімен ол 7 жылға шартты түрде сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселе еңбек демалысынан шыққаннан кейін шешілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бухгалтер #антикор #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);